Астананың Алматы аудандық сотында атыраулық белсенді Макс Боқаевты Петропавлға жақын ЕС-164/3 түрмесіне ауыстырудың заңсыздығы туралы іс қарала бастады.

Бұған дейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖҚ) Боқаевтың туыстарына оны тұрғылықты жеріне жақын колонияларға ауыстыруға орын жоғын, сондықтан Солтүстік Қазақстан облысындағы (СҚО) колонияға жөнелткені туралы анықтама берген. Адвокаты Айман Омарованың пікірінше, Боқаевты СҚО-ға жіберу заңсыз болған және оны өзі тұрған Қазақстанның батысындағы облыстарға қайтару керек.

Оны жақын облыс, аудандарға жіберуі тиіс болған, бірақ жібермеген. Қазір бізге оны 11 ай бұрын не себепті оны басқа жаққа ауыстырғаны туралы анықтама ғана беріп отыр, — деді Айман Омарова.

ҚАЖК өкілі Қайрат Асылдың айтуына қарағанда, Боқаевты СҚО-ға жіберетін кезде колонияда «орын болмаған».

— Боқаевты Батыс Қазақстан облысындағы колонияларға ауыстыруды сұрап хат жазған ба, жоқ па, оны мен қазір білмеймін, — деді Қайрат Асыл.

18 қаңар күні басталған сотта судья адвокаттың екі талап-арызын қанағаттандырды. Оның біреуі бойынша ҚАЖҚ үкім өткен жылдың қаңтарында заңды күшіне енген кезде Атырау облысы мен Қазақстанның батысындағы басқа облыстарының колонияларда болған тұтқын саны және қаншалықты толық болғаны туралы ресми құжат түрінде дәлелдеме ұсынуы тиіс.

2016 жылы белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян «араздық тудырды», «көрінеу жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу тәртібін бұзды» деген деген айыппен бес жылға сотталған. Сот үкімі бойынша, Боқаев пен Аян 250 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Боқаев пен Аянкінәсін мойындамайды. Белсенділердің жақтастары мен құқық қорғаушылар олардың ісінің саяси астары бар деп біледі.

Туыстары мен құқық қорғаушылар белсенділерді Атыраудағы УГ-157/9 түзету мекемесіне жібереді деп күткен болатын. Бірақ оларды алдымен Ақтөбедегі түрмеге жіберіп, ол жерден Петропавл маңындағы ЕС-164/3 түмресіне жөнелткен. Азаттық бұған дейін 2017 жылы тамыз айында Талғат Аянды Ақтөбедегі К-168/2 колониясына ауыстырғанын, ал Макс Боқаевтың Петропавлдағы түрмеде қалдырылғанын жазған.

Астананың Алмалы аудандық сотында колониямен және Боқаевтың өзімен интернет арқылы байланыс орнатпақ болғанымен, техникалық себептерден байланыс үзіліп қалды.

Келесі сот отырысы 25 қаңтарға белгіленді. Сол күні Макс Боқаевты Петропавлға этаппен жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл жерден оны интернет арқылы сот процесіне қатыстырып көрмек.

Адвокат Айман Омарованың Азаттыққа айтуынша, Макс Боқаев өткен жылдың соңында колонияда «күн суықта жаттығу жасаудан бас тартқаны үшін» жазаға тартылғанын айтты. Адвокаттың сөзінше, Боқаевқа дәрігер сақын тигізуге болмайтыны туралы кеңес берген.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.