АҚШ-тың Африка елдеріндегі бұрынғы ондаған елшісі президент Дональд Трамптың атына үндеу жолдап, оның Африка елдеріне қатысты айтқандарына алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, Америка мүддесін қорғауда сыйластық маңызды рөл атқарады.

Трампқа хатты 78 елдің бұрынғы елшілері мен мемлекеттік хатшының Африка бойынша бұрынғы көмекшісі Линду Томас-Гринфилд жазған. Хат иелері президентті «құдайдың теңдессіз сыйлаған табиғи ресурстарға бай» және АҚШ-пен терең тарихи байланысы бар 54 мемлекеттен құралған құралған құрлыққа деген көзқарасын өзгертуге шақырды.

Трамп болса, өткен аптада иммиграция жөніндегі заң жобасын кері қайтарған кезде, Африка елдерін «тесік-елдер» деп атағанын теріске шығарды. Алайда куәгерлер оның осылай айтқанын нақтылайды. Трамптың сөздеріне байланысты Африкамен одақтас елдер наразылық білдірген болатын.

Бұған дейін баспасөз құралдары қаңтардың 11-і күні Трамптың Ақ үйде Конгресс мүшелерімен кездесу барысында Африка елдері мен Гаитиден мигранттардың келуіне қарсылығын білдіріп «дөрекі сөз айтқанын» хабарлаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.