Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 19 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 324 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 323,10 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 324,61, сауданың аяқталуы кезінде 324,40 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 189 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 303.

Ақша айырбастау орындарында 19 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 326 теңгені құраған.

Запись Доллар 324 теңге болды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.