Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Елбасының онда бІр ғана мақсатпен бармағаны түсінікті, алайда көпшілік әсіресе ресейлік БАҚ пен саясаттанушылар сапардың ең басты мақсат бұғаттаулы 22 млрд доллар мәселесін шешу деген пікір айтып жатыр.

Еске салайық, сот шешімімен Bank of New York Melon шотындағы Қазақстанның Ұлттық қорына тиеселі 22 млрд долларды бұғаттап тастаған еді.

Шетелдік саясаттанушылар өткен жылдың желтоқсанында бұғатталған қаражатты толық қайтара аларына ресми Астананың сенімі аз дейді. Яғни, бұл көлемді қаражаттың басым бөлігі қайтпай қала ма деген күдік басым. Мұндай жағдай Иранмен де болған. Ислам мемлекетіне тиеселі 120 миллиард доллар елге салынған санкция аясында АҚШ пен Еуроодақ банктерінде бұғатталып, кейін санкция алынған соң тек 56 миллиардын ғана қайтарып алған. Қалғаны батыс елдерінің санкция аясындағы шығындарының өтемі ретінде ұсталған еді.

Сарапшылар бұлай болмауы да мүмкін дейді. Өйткені Қазақстанға батыстың да, АҚШ санкциясы да салынған жоқ. 22 млрд доллардың әңгімесі Қазақстанға инвестиция салған молдовалық бизнесмен Анатолий Статидің шағымынан кейін туындап отыр. Яғни, стандартты жағдай. Бизнесмен Қазақстанға инвестиция ретінде салған 4 млрд доллар шығынымды қайтарып берсін дейді. Егер сотта мұнысын дәлелдей алса, сұрағанын алуы мүмкін. Қазақстан үкіметі жақында бұл туралы пікір білдіріп, молдовалық бизнесмен алаяқтық жасап отыр деді.

Өткен жылдың 6 маусымында Ұлыбритания соты мұны анықтап, Статидің пайдасынан шешуден бас тартты.  27 маусымда Ұлыбританияның Жоғарғы соты бұл шешімге қайта қарауға болмайтыны туралы шешім шығарған. Кейін Статидің бұған қарамастан аппеляциялық шағым түсіруді қарастыруды сұрағаны белгілі болды. Бүгін ғана белгілі болғандай Статидің аппеляциялық шағымы 11 қаңтарда азаматтық істер жөніндегі сотта қаралып, сот коллегиясы Статиге тағы да бас тартты.

Жазда Ұлыбритания соты бас тартқан соң, Стати АҚШ-қа барған.

Қазақстанның Әділет министрі Марат Бекетаевтың түсіндіруінше Стати Қазақстанда жұмыс істеген кезде облигация орналастырған. Одан түскен қаражатты газ өңдейтін зауыт салуы керек болған. Бұл үшін ағылшын, неміс компанияларын жалдаған. Ол жалдаған англиялық Perkwood компаниясы Статиден бірнеше миллиондаған доллар алғанына қарамастан салық бойынша табыс жоқ деген есеп өткізген және бірнеше уақыт қана жұмыс істеген. Бұл компанияның шоты латвиялық банкте болған. Қазақстан тарапының сұранысына латвиялық ресми органдар берген жауапта банктегі шоттың сенімхат арқылы Анатолий Статидің атына ашылғаны белгілі болды. Яғни, Стати зауыт салуы тиіс қаражаттың 167 миллион долларын латвиялық банк арқылы шығарып алған. Ал Қазақстандағы зауыт салынбаған.

Бұдан кейін Стати Стокгольм сотына шағымданып, 2013 жылы сот Қазақстан Статиге 500 млн доллар төлеуі керек деген шешім шығарған.
Алайда арбитраждық шешімді орындату үшін ол нақты бір елдің территориясында заңды деп танылуы керек. Стати мұны бірінші Ұлыбританияда жасағысы келді. Жоғарыда айтқанымыздай сот бас тартты. Бұдан кейін АҚШ-қа өтініш берген. Тыңдалым биылғы жылдың қазан айына белгіленді. Яғни АҚШ соты қазан айына дейін Англия сотының шешімін күтемін дегенді меңзеді. Енді Стати Швеция, Бельгия, Нидерланды соттарына шағым түсіріп жатыр. Қазақстан тарапы бұған әрине қарсылық танытып, қорғанады.

«Стати жасауға тырысып жатқан дүрбелең уақытша, ал Қазақстанның Қашағандағы үлесі бойынша ешқандай қауіп жоқ», дейді Қазақстан тарапы.

Айта кетейік, Стати голландиялық сот орындаушыларынан егер Қазақстан тарапы арбитраждық шешім бойынша барлық соманы төлеуден бас тартса Қашаған жобасындағы Қазақстанға тиеселі, құны 5,2 млрд долларлық үлесті сатуды сұраған еді. Бұдан кейін Амстердам соты бұл акциялармен әрекет жасауға шектеу қойды.

Айта кетейік, Амстердам сотының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 40% құрайтын Bank of New York Mellon шотындағы 22 млрд доллар мен мемлекеттік, корпоративтік облигациялар мен акцияларға тыйым салды. Сондай-ақ, Статидің Люксембург пен Швециядағы қазақстандық меншікке бұғат салу туралы сот шешімін алғаны хабарланған.

Ресейлік саясаттанушылардың пікірінше Қазақстан жауап ретінде Қазақстанға қатысы бар 500 америкалық компанияның шотына бұғат салуына болатын еді. Алайда мұндай батыл қадамға ресми астананың баруы мүмкін емес. Өйткені Вашингтон, жеке Трамптың өзі де кекшіл адам, егер кек сақтап қалса, Қазақстан үшін қиын дейді. Әрі мұндай қадам Қазақстан үшін әлемдік қауымдастық пен бизнес, инвесторлар алдында Қазақстанның беделін түсіретіні анық. Сондықтан Қазақстан заң арқылы және бейбіт түрде ресми билікпен келіссөз арқылы шешуге тырысып отыр.

Алайда мәселе жоғарыда айтылғандай Статидің алаяқтығының айналасында өрбіп отыр. Қазақстан өзінікінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысып отыр. Бастапқы кезінде дәлелдеп те үлгерді. Ұлыбритания сотындағы жеңіс соны меңзеді.

Ал Трамппен кездесу кезінде бұл тақырыптың көтерілгені анық. Бірақ қандай жағдайда өрбіді ешкім тап басып айта алмайды. Ресми БАҚ-қа айтылмайтыны да белгілі.

Ресейлік сарапшылар Назарбаев Трампқа қолқа салса, «АҚШ демократиялы мемлекет, соттар маған тәуелді емес, бұл мәселені өздеріңіз шешсеңіздер» деген жауап естуі мүмкін дейді. Алайда жағдай жоғарыдағыдай болса, бұл тақырыптағы екеуара әңгіме мәселенің не үшін туындағанын түсіндіруден аспауы мүмкін. Дұрыс ақпарат беру және имидж үшін.

Запись Қазақстан Президенті АҚШ-қа 22 млрд доллар мәселесін шешу үшін барды ма? впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.