Румыния астанасы Бухаресте ондаған мың адам шеруге шығып, сот жүйесіндегі өзгерістерге, елдегі коррупцияға қарсылық білдірді. Елдегі социал-демократиялық партиясы сот жүйесіне түзету енгізуге ұсыныс жасаған. Халықтың пайымдауынша, бұл өзгеріс биліктегі коррупцияны күшейтеді және жемқорлықпен ұсталғандардың жазасын жеңілдетеді. 

20 қаңтарда Университет алаңында өткен шеруде демонстранттар мен арнайы қызмет арасында қақтығыс болған. Сот жүйесіне өзгерісті 20 желтоқсанда парламент қабылдап, президентке жолдаған. Президент Клаус Иоаннис заңға әлі қол қойған жоқ. 

Transparency International ұйымының есебінше, Румыния Еуропа одағындағы коррупциясы жоғары елдердің басында тұр. 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.