Астанада 22 қаңтар, дүйсенбі күні ауа-райына байланысты 1-11 сынып оқушыларына және колледждің бірінші ауысымда оқитын 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.

Қазгидромет мекемесінің хабарлауынша, Астанада бүгін таңертең ауа температурасы -34 градусқа дейін төмендеген. Желдің жылдамдығы секундына 4 метрге дейін жетеді.

«Қазгидромет» орталығы 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.

Қатты аяздан 22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында да 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. 21 қаңтарда өңір тұрғындары 112 қызметінен дүйсенбіде 30 градус аяз болатындығы туралы хабарлама алған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.