Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – «KazakhInvest» АҚ-ның қолдауымен ирандық инвестор ШҚО Семей қаласының «Өндіріс» индустриалды аймағында «Халал» стандартына сай қайта өңдеу ет комбинатын салу жобасын іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасады деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жобаға шамамен 7 млрд теңге шетел инвестициясы салынады. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында етті қайта өңдейтін комбинат құрылысы басталады.

«Қазақстанда шетел инвесторлары үшін жағымды инвестициялық климат жасалған. Өңірлік деңгейде біз «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілдерімен және біздің жобаға жан-жақты қолдау көрсететін Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз. Ет комбинатында «Өндіріс» аумағында заманауи, қалдықсыз өндірістік желілер салынған болатын. Зауытта шамамен 250 адам жұмыс істейтін болады», – деді «Agro Portal» бас директоры Амир Шекарчи.

Ет комбинатында тәулігіне 2 мың ұсақ малдың және 400 басы ірі қараның еті қайта өңделетін болады.

Мұндағы өнімнің 90 пайызға жуығы Иран Ислам Республикасына экспортталады.

«Kazakh Invest» етті қайта өңдеу зауытын слау арқылы осы жобаны іске асыруда қолдау көрсету қызметін жалғастырады. Күн тәртібінде – кеден және салық преференцияларын алу, субсидиялау мәселелері, сондай-ақ, визалық қолдау мәселелері бар», – деді ШҚО«Kazakh Invest» өңірлік директоры Мадина Байсалбаева.

2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияда тікелей шетел инвестицияларын тартатын басым салалардың бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен таңдалып отыр. Қазақстанда 2015 жыл мен 2017 жылдың 9 айын қосқанда ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 135,2 млн. АҚШ долларын құрады.

 

 

Запись Ирандықтар Семейде “Халал” стандартына сай ет өңдеу комбинатын салады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.