ТЖД: Қарағанды облысында 5 адам ыстан уланып өлді

30


Қарағанды облысының Абай ауданы Дубовка ауылында жер үйде бес адамның өлі денесі табылды деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент ақпаратына қарағанда, марқұмдардың денесі 21 қаңтар күні сағат 20:30 шамасында бір бөлмелі үйден табылған. Ес-түссіз жатқан бір адам ауруханаға жатқызылған. Алдын ала болжам бойынша, бес адам ыстан уланып өлген.

«Өрт зертханасы мамандарының болжамынша, иіс тиіп улануға пештің дұрыс жұміс істемеуі себеп болған. Қаза тапқан үш әйелдің 1961, 1981 және 1984 жылы туғаны анықталды. Жедел тергеу тобы қалған екі адамның кім екенін және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр» делінген департамент ақпаратында.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.