Италия полициясы тексерген Қазақстанның биатлон құрамасынан тыйым салынған ешнәрсе табылмады деп хабарлады Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру мәдениеті комитетіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

20 қаңтарда Италия полициясы Антхольц қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезінде Қазақстан құрамасы тоқтаған ғимарат пен көліктерін тінтіген. Тексеруге Больцано прокуратурасы ордер берген. Прокуратура Австрия құқық қорғау органдарының есебіне сүйенген. IBU (Халықаралық биатлон одағы) осы тексерістен кейін Қазақстан биатлон құрамасына қатысты допингке қарсы тексеру бастағанын хабарлаған.

Комитет тексеріс кезінде барлық процедура сақталғанын, тексеріс қорытындысы бойынша хаттама толтырылғанын айтады

«Халықаралық биатлоншылар одағы Қазақстан биатлоншылар одағын тінту қорытындысы бойынша допингке қарсы тыңдау өтер алдында бұл іс бойынша ресми түрде тексеріп жатқанынан хабардар етті» деген комитеттің баспасөз қызметі.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.