Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Борыштарды өндіріп алу кезінде банктер мен микроқаржы ұйым борышкерлері құқықтарының бұзылу тәуекелін төмендету және берешекті сотқа дейін өндіріп алу жөніндегі ашық, өркениетті құқықтық алаңды құру мақсатында 2017 жылғы 2 маусымда «Коллекторлық қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.

«Коллекторлық қызмет туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес:

 коллекторлық агенттік – коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген, коммерциялық ұйым болып саналатын заңды тұлға болып есептеледі;

 коллекторлық қызмет – коллекторлық агенттіктің берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинауға бағытталған қызметі.

Коллекторлық қызмет өзінің нысанасы кредиторға берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып есепттелетін шарт негізінде жүзеге асырылады. Коллекторлық қызмет берешек туындаған жағдайда жүзеге асырылады.

Берешегі тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген борышкер –жеке тұлғаға қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

2017 жылғы 3 желтоқсанда, оның барысында Заң қолданысқа енгізілгенге дейін коллекторлық қызмет белгісі бар қызметті жүзеге асырған және коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниетті болған заңды тұлғалар коллекторлық агенттік ретінде әділет органдарында қайта тіркеуден, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап үш ай ішінде Ұлттық Банкте есептік тіркеуден (қайта тіркеу) міндетті өтуі тиісті болған үш айлық мерзім аяқталды.

2017 жылғы 3 желтоқсаннан бастап банктердің, микроқаржы ұйымдарының коллекторлық қызметтің белгісі бар және Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өтпеген заңды тұлғалармен кез келген шарттық қарым-қатынастары тоқтатылды.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық банкте 60 коллекторлық агенттік есептік тіркеуден өтті .

Ұлттық Банкке 02.06.2017- 01.01.2018 жылғы аралықта Заң қабылданғанға дейін банктермен және микроқаржы ұйымдарымен берешекті өндіріп алу шарттары негізінде тартылған коллекторлардың іс-әрекеттеріне қатысты 15 өтініш келіп түсті.

Заңмен коллекторлық агенттіктердің мынадай жосықсыз іс-қимылдарына:

 коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуға не осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуге;

 коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға;

 борышкерге және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатері, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді БҚЗ немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;

 коллекторлық агенттік өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;

 берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;

 берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;

 кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммерциялық немесе ҚР заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.

Ұлттық банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің өзіндік мобильді нұсқасы болып саналатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «ҚҰБ-ның «Online» мобильді қосымшасында («ҚҰБ-ның «Online» мобильді қосымшасы AppStore және PlayMarket дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіру үшін қолжетімді) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында 2018 жылғы 23 қаңтардан бастап «Коллекторлық агенттіктердің қызметі» жаңа бөлімі іске қосылатын болады. Осы бөлімде пайдаланушылар онлайн режимде коллекторлық агенттіктермен өзара іс-әрекет ету мәселелері бойынша түсіндірме алуына болады, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің жосықсыз іс-әрекеттері мәселелері бойынша жүгіне алады.

Запись Коллекторлық агенттіктердің банктер мен микрокредиттік ұйымдардың борышкерлерімен өзара іс-қимылы туралы впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.