Сбербанк басшысы Герман Грефтің пікірінше, құнды кітаптар банкті дамытудың ең мықты құралы. Жыл сайын қаржы орталығы Сбербанк топ-менеджерлеріне оқуға міндетті шетелдік авторлардың 12 кітабын қайта басып жарыққа шығарып отырады. Сіздерге Герман Грефтің топ-менеджерлерге ұсынатын 70 кітабының тізімін ұсынамыз.

  1. «Семь навыком высокоэффективных людей», Стивен Кови, 2009 жыл

Өзінің жеке тұлғалық қасиетін дамытқысы келетін адамдарға бұл кітап №1 супербестселлер атанып отыр. Аталмыш туынды арқылы сіз өмірлік мақсаттарды қалай анықтау керектігін және оған қалай жетуді түсінесіз, жақсы бағытта өзгеріп, өз-өзіңізді дамыту сырларымен танысасыз. Айта кету керек, кітапта пайдасыз кеңес жоқ, себебі кез келген өзгеріс үлкен күш пен уақытты талап етеді.

  1. «От хорошего к великому», Джим Коллинз, 2009 жыл

Туындының авторы Джим Коллинз айтарлықтай ұзақ уақыт бизнесте өз орнын сақтап қала білген компанияларға зерттеу жүргізіп, қалайша жай ғана жақсы кәсіпорындар ұлы компанияларға айналатынын түсінген. Егер сіз кітапқа тереңірек үңілсеңіз, жақсы ақша табудың көзін табасыз. 50 жыл бұрын компанияға жасалған инвестиция, 2000 жылға қарай 471-ге дейін артты.

  1. «Жалоба – это подарок», Джанелл Барлоу, Клаус Меллер, 2010 жыл

Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндерге арналған практикалық оқу құралы. Автор шағымды проблема ретінде емес, өнімді және қызметті барынша жақсырақ ететін пайдалы тәсіл ретінде көреді. Және кітаптан сіз компания ішіндегі арақатынасты қалай жақсарту керектігін, жақсы мамандардың кетуін қалай тоқтатуға болатындығын біле аласыз.

  1. «Дао Toyota», Джеффри Лайкер, 2010 жыл

Дао – Toyota компаниясы бизнесінің ерекше философиясы. Онда компанияны басқарудың 14 негізгі принциптері бар. Бұл идеологияны құрастырушылардың ойынша, компанияда еңбек ететін ұжымға айрықша мән беру керектігін баса айтады, себебі олар кез келген кәсіпорынды жетістікке жетейлейді.

  1. «Искусство результативного управления», Ларри Боссиди, Рэм Чаран, 2010 жыл

Көп жағдайда басшылар компанияның жалпылама стратегиясын құрастыруға зор мән береді де, жұмыс істеудің механизмін толығымен сипаттамайды. Яғни, іргетасы жоқ үй іспеттес. Кітап басшылықтың жиі жіберетін қателіктері туралы айтып, ондай жағдайлардан қалай қашып құтылуға болатындығы туралы сөз қозғайды.

  1. «Развитие лидеров», Ицхак Адизес, 2010 жыл

Ицхак Адизестің пікірінше, мінсіз басшы жоқ. Бірақ соған қарамастан, компания топ-менеджерлердің жіберген қателіктерінің орнын жауып отыратын ұжымның арқасында жетістікке жетеді. Кітап басқарудың өзіндік стилін қалыптастыруға және мүлдем түсінбейтін кісілердің тілін табуға көмектеседі.

  1. «Управление стрессом», Дэвид Льюис, 2010 жыл

«Адамның екі жауы: уақыттың жетіспеушілігі және стресс» деген пікір бар. Ал туынды авторы Дэвид Льюис бұл пікірмен келіспейді. Керісінше, стресс демалу мен еркін тыныс алу үшін мақсатқа тезірек жетуге көмектеседі. Осы себепке байланысты өз эмоцияңыздың деңгейін қалыпты ұстап отыру өте маңызды. Кітап арқылы оны қалай жүзеге асыруға болатындығын білесіз.

  1. «Когда гений терпит поражение», Роджер Ловенстайн, 2010 жыл

Аталмыш кітап Long-Term Capital Management компаниясының шарықтауы мен құлдырауы туралы әңгімелейді. Кәсіпорында үлкен сандардың терең рационалды заңын облигация нарығында жүзеге асырмақ болған Нобель сыйлығының лауреаттары мен зерттеушілер тобы жұмыс істеген. Басында жүйе тұрақты жұмыс істеді, компания бірінші жылы инвесторларға 21% пайда түсірді, екінші жылы 43%, ал үшінші жылы 41% пайда түсірді. Дегенмен, зерттеушілер 1998 жылдағы Ресейдегі дефолтты және Азиядағы кризисті болжай алмады. Соның салдарынан LTCM күйреуге ұшырады.

  1. «Кратко. Ясно. Просто.» Алан Сигел, Айрин Этцкорн, 2015 жыл

Автордың сөзінше, өмірдегі барлық салалар қиын ережелер мен құжаттамаларға толып қалған. Бұл тек бизнеске ғана емес, білім, медицина және т.б. қатысты. Күрделенген жүйе біздің уақытымызды құртып, ақшамызды азайтады. «Кратко. Ясно. Просто.» кітабында осыдан қалай арылуға болатындығы туралы сөз болады.

  1. «Догнать зайца», Стивен Спир, 2010 жыл

Стивен Спир әлемдегі ең ірі компаниялардың ішкі өмірін зерттеп, оларды байланыстыратын заттарды тапты. Ірі кәсіпорындар түрлі салада жұмыс істесе де, олардан мәселені шешу құпиясын, озық тәжірибені компания ішінде пайдалануы және басқарудың тиімді үлгісін құрастыруды үйренуге болады. Осы кітапты оқи отырып, сіз қарсыластарыңызға қарағанда тезірек жұмыс істеуді үйренесіз.

  1. «5S для офиса», Томас Фабрицио, Дон Тэппинг, 2010 жыл

Кеңседе нәтижелі жұмыс орнын қалыптастыру туралы кітап. Қаржылық кәсіпорындар, мемлекеттік және әлеуметтік орталықтардағы аумақты тиімді қолдануға көмек береді. Бұл кітапта сіздер жұмыс орындарын үйлесімді етудің дайын шаблондарын табасыз.

  1. «Чёрный лебедь», Нассим Талеб, 2010 жыл

Адамзат үнемі зілзала, дағдарыс және күйзеліс сынды жағдаяттарды басынан өткереді, оларды, тіпті, алдын-ала болжап та біле алмай қалатын кездер болады. Қаржылық гуру Нассим Талеб аяқ асты келетін жағдаяттарды «қара аққу» деп атаған. Оның пікірінше, тура осындай жағдаяттар тарихты жасайды, адам өмірін өзгертеді. Өз теориясын қолдана отырып, кітап авторының компаниясы инвесторларға 500 млн доллар пайда тауып берген.

  1. «Экономика впечатлений», Джозеф Пайн, Джеймс Гилмор, 2011 жыл

Өз салаңызда лидер болу үшін жай ғана тауарды сату жеткіліксіз. Оны сатып алушы өнімнің дәл соған арналып жасалғандығын білу керек. Автордың пікірінше, сатылым екі жаққа да ләззат әкелгені дұрыс. Енді бизнес театр болуы шарт, ол жерде кәсіпорын – режиссёр, ал тұтынушы – көрермен.

  1. «Эмоциональный интеллект», Дэниел Гоулман, 2011 жыл

Дэниелдің пікірінше, үйде және жұмыста табысқа жету кезінде эмоция үлкен орынға ие. Ол туралы көптеген компанияның басшылары ұмытып кеткенімен, эмоция мақсатқа тезірек жетуге септігін тигізеді. Эмоция іс-тәжірибе жүзінде үлкен ақша әкелетіндігін автор мысалмен көрсетеді.

  1. «Бережливое производство + шесть сигм в сфере услуг», Майкл Джордж, 2011 жыл

Автор америкалық және жапондық басқару жүйесін біріктіре отырып, нәтижесінде оның бизнестің дамуын тездетіп, нәтижелігін асыратындығын көрсетеді. Кітап кәсіпорын жұмысын оңтайландыруға жауап беретін басшылыққа арналған.

  1. «Менеджмент. Природа и структура организаций», Генри Минцберг, 2011 жыл

Минцберг кәсіпорын басқарудағы өзінің құпияларымен бөліседі. Оның зерттеуі бойынша жұмыспен қатты миы ашыған менеджерлер көп жағдайда оңай шешімдерге келіседі. Ол сыртқы әсерді қатты қабылдау мен дайындықсыз асығыс іс-әрекеттерден болады. Оған қарамастан табысты басшы өз-өзін ұстай білуі тиіс, оқиғаны жалпылама көріп, нәтиже шығару үшін ойланып әрекет етуі шарт.

  1. «Любовь, любовь, любовь», Лиз Бурбо, 2011 жыл

Бұл адамдармен сұхбат құрылған ерекше кітап. Бұл таңғажайып нәтижелері бар мұңлы, қайғылы және күлкілі оқиғаларға негізделген. Кітап арқылы сіз әлемді махаббат емес, өзіміз басқаратынымызды түсінесіз.

  1. «Не стать заложником», Джордж Колризер, 2011 жыл

Біздің бүкіл өміріміз барлығы қашқақтағысы келетін кикілжіңнен тұрады. Автордың сөзінше, одан қашудың қажеті жоқ. Тек кикілжіңнен өту арқылы біз өмір мен бизнесіміздегі мәселелерді дұрыс шешуге үйренеміз.

  1. «Викиномика». Дон Тапскотт, Энтони Уильямс, 2011 жыл

Бестселлер өз компанияңызда бұқаралық серіктестік әсерін қолдануға үйретеді. Миллиондаған адамдарға білім мен анықтама беретін Wikipedia, YouTube сайттары және басқа да ірі компаниялардағы бұқаралық серіктестіктің неге байланысты құралатынын ашып көрсетеді.

  1. «После меня — продолжение…», Акин Онгор, 2011 жыл

Аталмыш туындының авторы президент міндетіне келген мінсіз Garanti Bank жетістігінің тарихы туралы баяндайды. Бар-жоғы 9 жылдың ішінде ол танымалдығы жоқ түрік банкін халықаралық кәсіподаққа айналдыра білді. Ол: «Менен кейін не болса да, мейлі» деген пікірге қарсы, сондықтан өзі орнынан кетсе де, бизнес жалғаса беретіндей әрекет етуге тырысады.

  1. «Рефрейминг организаций», Ли Болмэн, Терренс Дил, 2011 жыл

Көпшілік лидерлердің қателігі неде? Олар серфингист сынды өзгерістер толқынына асығып, ешкімге керек емес болып қалатындай мұхит түбіне жүзіп кетеді. Осыдан аулақ болу үшін автор компанияға төрт терезесі бар фабрикаға қарағандай қарау дұрыс деп санайды.

  1. «Управление результативностью», Майкл Армстронг, Анжела Бэрон, 2011 жыл

Кітап авторларының сөзінше, нәтижелік басқаруды енгізудің барлығына біркелкі не болмаса ең жақсы амалы жоқ, бірақ басты принципі бар. Нәтижені сапалы басқару тура сондай сауатты басқарумен теңдей келеді. Кәсіпорынды жетістікке жеткізетін өздігінен жүретін ұжым саясатының принциптері емес, олардың қызметкерлерінің қызығушылығына орай шебер қолданылатын басшылық жүйесіне байланысты.

  1. «Цель», Элияху Голдратт, Джефф Кокс, 2012 жыл

Қиындықтармен бетпе-бет келген компания жұмыскері ешқашан эмоцияға берілмей, логикалық тұрғыдан шешім қабылдай білуі тиіс. Автордың ойынша, оқиға мен нәтиже арасындағы себеп-салдардың байланысын табу маңызды. Кітап арқылы сіз мақсатқа жетудің базалық принциптерін білесіз.

  1. «Краудсорсинг», Джефф Хау, 2012 жыл

«Краудсорсинг» идеясы өте оңай жүргізіледі. Сіз ұжымның көңілін толығымен өзіңізге қаратып, оларға мотивация бересіз және мақсаттарға жетесіз. Кітапта краудсорсинг заңдары және оның түрлі салада қолданылуы туралы мысалдар көрсетілген: тіс пастасынан бастап, бағдарламалық қамсыздандыруды дайындауға дейін.

  1. «WIKI-Правительство», Бет Новек, 2012 жыл

Ғаламтордың пайда болуы және заманауи технологиялардың дамуы барлық деңгейдегі басқару жүйесіндегі өзгерістерге жақсы мүмкіндік береді. Автор жұртшылықтың назарын қаратуға негізделген жаңа басқару идеясын алға тартады. Бұл міндетті түрде мемлекеттік құрылымдағы жұмыстың тиімділігін арттырады деседі.

  1. «Переговоры», Гевин Кеннеди, 2012 жыл

Автордың пікірінше, сәбидің жылауы – бұл келісімнің ұсынуы. Ол келісім-шарт барысында стратегиялық және тактикалық іс-әрекеттерде ұтып шығудың оңтайлы жолдары туралы сөз қозғайды. Кітапта тәжірибе ретінде сіздің ұтқыр келіссөз жүргізуші болуыңызға көмек беретін көптеген тапсырмалар бар.

  1. «Результативность: секреты эффективного поведения», Робин Стюарт-Котце, 2012 жыл

Кітапта 5000 менеджердің тәжірибесі негізделген. Олар мінез-құлық өзгертуге қолданылатын, «кинетика» деп аталатын ғылыми ұғымды қолданады. Сипатталып отырған әдістерге байланысты өзіңіздің компанияңыздағы өнімділікті көтере аласыз.

  1. «Танец перемен», Питер Сенге, 2012 жыл

Кітапты компанияны өзгертуге арналған энциклопедия десек те болады. Онда мәселелерді шешуге арналған нақты нұсқаулық бар. Автор жиі қайталанатын 10 мәселенің шешіміне күш салған. Олар: уақыттың жоқтығы, көмектің жоқтығы, сөз пен істің артық жұмсалуы, қызығушылықтардың қарама-қайшылығы және т.б. Оқу кезінде Питер Сенге ұсынатын жаттығулармен де айтарлықтай дамуға болады.

  1. «Сингапур», Юрий Сигов, 2012 жыл

Зерттеушілердің көпшілігі Сингапурды болашақтың мемлекеті ретінде мысалға алып айтады. Автор кітапта қолтырауындары мен масалары бар шалшықтың бірнеше он жылдықта қалай еліктеуге лайықты елге айналғандығы туралы жазады.

  1. «Теряя невинность», Ричард Брэнсон, 2012 жыл

«1967 жылы 17 жасқа жетер-жетпей Стоудан кеткенімде, директорымның жолыма айтқан сөздері: «Құттықтаймын, Брэнсон! Менің болжауымша, сен түрмеге түсесің, не болмаса миллионер боласың!», – деп еске алады Брэнсон. Ол, расымен де, барлығын таңқалдырды. Кітап оқырмандарын жаңа ерлік іс-әрекеттерге қанаттандырады.

  1. «Критическая цепь», Элияху Голдратт, 2012 жыл

Кітап роман сынды жазылған. Онда жобаларды басқарудағы шектеулер теориясының тұжырымдамасы сипатталады. Кітап арқылы қиындықтарды шешудің оңай әрі мықты тәсілдерімен танысасыз. Олар сапасына ешқандай нұқсан келтірмей мақсатқа жетуге жәрдемдеседі.

  1. «Deadline», Том Демарко, 2012 жыл

Кітапта басты кейіпкер ұрланып, басқа қалаға әкелінген болатын. Ол жерде оған жақсы мүмкіндіктер беретін қызықты жобада жұмыс ұсынылады. Оның алдында шешуге тиіс маңызды міндеттемелер тұрды: қызметкерлер жалдау, оларды жұмыстан шығару, аз уақыттың ішінде мақсаттарды жүзеге асыру, ішкі кикілжіңдерді шешу және т.б. Автор шығаратын тұжырымдамалар барлық басқарушылар үшін өте пайдалы.

  1. «Новая цель», Джефф Кокс, Ди Джейкоб, Сьюзан Бергланд, 2012 жыл

Аталмыш туындыда басқарудың үш теориясының бірігуі туралы айтылады: үнемді өнімділік, алты сигам циклі және шектеу теориясы. Кітап қызықты оқулыққа ұқсайды, ол жерде хайтек-компанияларды басқарудағы бизнес-кейстер туралы да айтылады.

  1. «Гении и аутсайдеры», Малкольм Гладуэлл, 2012 жыл

Иә, өмір әділетсіз! Ақша мен билік адамдар арасында теңдей бөлінбеген. Бұл жай ғана сәйкестік дейсіз бе? Автордың ойынша, жоқ, сәйкестік емес. Ол Битлз, Билл Гейтс және Моцартқа әлемдік табысқа жетуге көмек берген жасырын заңдарды тауып алды.

  1. «Управление бизнес-процессами», Джон Джестон, Йохан Нелис, 2012 жыл

Кітапта сәтті бизнес-процестердің 50-ге жуық мысалы қарастырылады. Ол іштегі болып жатқан оқиғаларға көз тастап, жұмыстың нақты деңгейін көрсетеді. Туынды бизнес-процестерді ұйымдастырумен айналысатын басшыларға арналған.

  1. «Как гибнут великие», Джим Коллинз, 2012 жыл

Көпшіліктің пікірінше, үлкен корпорациялар ешқашан жеңілмейді. Бірақ барлығы олай емес. Автордың зерттеуінше, жүз мыңдаған жұмыскері бар ірі кәсіпорындар да құлдырайды. Одан қашып құтылуға бола ма? Неге біреуі құлдыраса, екіншісі өз орнында қалады? Құлдырауды тоқтатып, бірден өсуге болады ма? Осы және басқа да сұрақтарға Джим Коллинз жауап іздейді.

  1. «Командный подход», Джон Катценбах, 2013 жыл

«Лидер – компаниядағы басты тіреуіш емес» деп дәлелдейді автор. Оның тұжырымы бойынша командалық нәтижелік – кемшіліктің жоқтығы және дамудың тиімді моделі.

  1. «Поток», Михай Чиксентмихайи, 2013 жыл

Тасқын – кәсіпқойлардың бойындағы өзгеше сезім. Ол – өз ісіңізге толығымен берілу, ол кезде сіз уақытты және өзіңізді сезбейсіз, ал шаршаңқылықтың орнына қайта күш-қуат тасқынын сезесіз. Автор түрлі шығармашыл тұлғаларды зерттей отырып, «тасқынды» тапты. Ол кезде адамдар өздерін ерекше бақытты сезінеді екен.

  1. «Богатство семьи», Джеймс Хьюз, 2013 жыл

Отбасы да тиімді басқаруды қажет ететін компания іспеттес. Кітап авторы Джеймс Хьюз отбасыдағы адамзаттық, қаржылық және зияткерлік активтерді көбейтуге қатысты тәжірибелік кеңестер береді. Оның ақыл-кеңестері мен идеяларын қаржылық консультанттар, заңгерлер мен экономистер өз қажетіне жаратады.

  1. «Лидер без титула», Робин Шарма, 2013 жыл

Сіз де өзіңіздің өміріңізді орта топтағы адамдардай өткіземін деп ойлайсыз ба? Олай емес! Тағдыр – таңдаудың нәтижесі. Кітап сіздің алдағы өміріңізді айқындайтын бірнеше қарапайым таңдау жасауға ұсыныс береді. Одан кейін кез келген қиын мәселелер сіз үшін қарапайым сабақ ретінде көрінетін болады.

  1. «Победить с помощью инноваций», Майкл Ташман, Чарльз О’Райли, 2013 жыл

Аталмыш туындыда лидерлік қасиет және өзгерістер туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар кез келген деңгейдегі ұйымдастырушы мен басқарушыларға жұмыс тиімділігіне байланысты мәселелерді шешуге қатысты жүйелерді ұсынады. IBM және Novartis компанияларындағы басшылардың осы жүйені қолдану арқылы қалай жақсы нәтиже көрсеткендігі туралы да жазылған.

  1. «Мегапроекты и риски», Бент Фливбьорг, Нильс Брузелиус, Вернер Ротенгартнер, 2013 жыл

Кітапта ірі масштабты жобаларға қаражат салудың тәуекелі жайында сөз қозғалып, талдау жасалынады. Жазушының айтуынша, ең басында инвесторлар салынатын қаражаттың сомасын жете бағаламай, түбінде олар ақталмай қалады. Неге олай болады? Тәуекелді қалай бағалай аламыз? Автор осы және басқа да қызықты тақырыптар аясында сөз қозғайды.

  1. «Больше, чем эффективность», Скотт Келлер, Колин Прайс, 2013 жыл

Кітап өз компаниясының қайта ұйымдастырылуы туралы айтқан 6800 топ-менеджердің сұранысына негізделген. Бұл жерде сансыз табыстың мысалдары жоқ, бірақ туынды өзіндік табыстың рецептін ойлап табуға көмек береді.

  1. «Умение слушать», Бернард Феррари, 2013 жыл

Бернард Ферраридің сөзінше, нашар қабылданған шешімдер көп жағдайда адамдардың дұрыс тыңдай алмайтындығынан болады екен. Кітап мұқият тыңдаушы болуға үйретеді. Жақсы сұхбаттанушы болуға бейімдеп, кез келген әңгімеге көрік беру кеңестерін ұсынады.

  1. «Жизнь на полной мощности», Джим Лоэр, Тони Шварц, 2013 жыл

Кәсіпорын қызметкерлерінің басты проблемасы – бірсарынды жұмыс ауырлығы оларды қатты шаршатады. Туынды авторы ішкі энергияны басқару, күнделікті қысым кезіндегі жұмыс, физикалық және эмоционалды қалыпты жақсы ұстап тұруға қатысты кеңестерін ұсынады. Кітап мұқабасында бизнесмен Олег Тиньков та аталмыш еңбекті оқуға кеңес беретіндігі туралы жазылған.

  1. «Сила воли», Келли Мак-Гонигал, 2013 жыл

Сіздің тек физикалық қалпыңыз ғана емес, қаржылық табысыңыз да ерік күшіңізге байланысты. Бірақ эмоциялық күші оған жетпейтіндер не істей алады? Автор кітабы арқылы істі кейінге қалдырмай өз-өзін басқаруға және зиянды әдеттер мен стрестен құтылуға үйретеді. Туындыны оқумен сіз өзіңіздің сезіміңіз бен қалауыңызды басқарып үйренесіз.

  1. «Великие по собственному выбору», Джим Коллинз, Мортен Хансен, 2013 жыл

Неге дағдарыс бір компанияны құлдыратса, енді біреуіне жәрдемдеседі? Көп жылдық зерттеу нәтижесі мен тұжырымдамасын автор аталмыш туындысында жазып көрсетіп, осы сұрақтардың жауабын беруге тырысады.

  1. «На этот раз всё будет иначе», Кармен М. Рейнхарт, Кеннет С. Рогофф, 2014 жыл

Зерттеушілер соңғы 800 жылдағы экономикалық дағдарысты зерттеу арқылы үлкен жұмыс атқарды. Олар тұтыну бағасының индексін, валюта бағамын, ішкі өңірлік өнімді, мемлекеттік қарыз мөлшерін, кредит беру тарихын және басқа да статистикалық ақпараттарды зерттеді. Кітапта келесідей сұрақтардың жауабы беріледі: кедей және бай елдердегі дағдарыс салыстырмалы түрде бірдей деңгейде болады ма? Дағдарыс көрші елдерге беріледі ме? Неге кейбір елдер, тіпті, дағдарыстан хабарсыз болады?

  1. «Искусство системного мышления», Джозеф О’ Коннор, Иан Мак-Дермотт, 2014 жыл

«Адамдар және оқиғалар логика заңдарына бағынбайды, математикалық жаттығуларға қарағанда олар әлдеқайда болжамды және басқаруға бейімді. Олар үшін тез, методикалық және логикалық шешімдер қолданылмайды», – деп тұжырымдайды автор. Кітап түрлі саладағы лайықты шешімдерге арналған құралдар тізімін ұсынады.

  1. «Банк 3.0.», Бретт Кинг, 2014 жыл

Бретт Кинг мобильді технология, әлеуметтік желі және ойын нұсқасына негізделген заманауи банк моделін ұсынады. Жазушыны Америкадағы үздік банкир-инноваторлардың бірі ретінде мойындады.

  1. «Ускорение перемен», Джон П. Коттер, 2014 жыл

Кітап айрықша құрылымы бар иерархиялық кәсіпорынға негізделген біріктірілген басқару жүйесін жасап шығаруға үгіттеу туралы жазылған. Яғни, компанияны «стартап» бейнесінде құрастыру. Бұл компанияның өзгерістерге тезірек үйренісіп кетуге көмек береді.

  1. «Почему одни страны богатые, а другие бедные», Дарон Аджемоглу, Джеймс А. Робинсон, 2015 жыл

Автор әлемдік теңсіздік неге туындайтындығына қатысты сұрақтарға жауап береді. Бір мемлекет тоқшылық өмір сүрсе, енді бірі жоқшылық тауқыметін басынан өткізіп жатады. Кітап заманауи саяси-экономикалық ойдың энциклопедиясына айналды.

  1. «Будущее разума»,Митио Каку, 2015 жыл

Болашақта біз компьютермен ой арқылы сөйлесеміз, біздің миымызға жаңа қабілеттер енгізеді, біздің қозғалмалы аватарымыз болады, ал жасанды интеллект біздің барлық проблемамызды шешіп береді. Барлығы басқаша болады. Автор оқырмандарына болашаққа қалай дайындалу туралы айтып береді.

  1. «Как работает Google», Эрик Шмидт, Джонатан Розенберг, 2015 жыл

Әлемдегі №1 іздеу жүйесінің топ-менеджерлері Google корпорациясын қалай жасағандықтары туралы айтып береді. Ол жердегі корпоративті мәдениетті қалай дамытты, таланттарды қалай іздеді, инновацияны қалай ойлап тапты, мәселелерді қалай шешті және т.б. компаниядағы оқиғалар туралы білу кез келген адамға қызықты. Туындыдағы көптеген баяндалатын оқиғалар бірінші рет басылып отыр.

  1. «Принцип пирамиды Минто», Барбара Минто, 2015 жыл

Аталмыш кітапта тұсаукесерді қалай дұрыс жасау, жазбаша құжаттамаларды дайындау және көпшіліктің алдында сөз сөйлеу туралы жазылған. Негізіне қиыннан оңайға көшу пирамидасы алынған. Себебі, олай мәтін оқырмандарға оңай қабылданады.

  1. «Практическая мудрость», Барри Шварц, Кеннет Шарп, 2015 жыл

Барри Шварц «Тәжірибелік даналық» кітабында борыштық сезімі мен табысқа ұмтылу сезімі арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруды үйретеді. Бұл үйлесімдік өмір сүруге көмек береді. Егер сізді қалауыңызға қарсы бір нәрсемен айналыстырып жатса, кітап мәселеңізді шешуге көмектеседі.

  1. «Креативная компания: Как управлять командой творческих людей», Эд Кэтмелл, 2015 жыл

Эд Кэтмеллдің айтуынша, «Ойыншықтар оқиғасы-2» кинотуындысын шығару олар үшін қоңырау сыңғырындай болды. Сол сәттен бастап фильм қажеттігі ешқашан біз үшін қызметкерлер қажеттігінен асып түспейтін болды… Тағы да қайталаймын – адамдарға ерекше мән беру керек. Олардың әдеттері, таланттары мен құндылықтары өте маңызды.

  1. «Прыгни выше головы!», Маршалл Голдсмит, 2015 жыл

Кітап табысқа жетіп, өздерінің үлкен армандарын жүзеге асырған, бірақ баршылықтың әсерінен «жұлдыз ауруына» шалдыққан адамдар туралы жазылған. Ондай адамдарды басқалар түсінуден қалады және өздері де ұстанған жолдарынан тез бас тартатын болады. Маршалл Голдсмит бұл мәселенің алдын-алу, оны шешу және ары қарай дамудың жолдарын ұсынады.

  1. «Просто о больших данных», Джудит Харвиц, Алан Нагент, Ферн Халпер, Марсиа Кауфман, 2015 жыл

Технологиялардың дамуы түрлі негіздегі көптеген ақпараттарды жинауға көмектеседі. Кітап арқылы сіз «биг-даталармен» тиімді жұмыс істеуді, мәліметті қалай пайдалы ақпаратқа айналдыруды және үлкен пішімді ақпараттармен жұмыс кезіндегі тиімді сәулеткерлік шешімдерді табудың жолдарын ұсынады.

  1. «Scrum», Джэфф Сазерленд, 2016 жыл

Кітап авторы басқарудың классикалық үлгісіндегі кемшіліктерді жеңуді, ұжымның жұмыла еңбектеніп, табысты әрі тез әрекет етудің әдісін ойлап тапты. 20 жыл ішінде аталмыш әдіс ФБР, көлік құрастыру, дәрі-дәрмек компанияларының құрастырушылары мен қатардағы қызметкерлеріне көмек берді.

  1. «Взаимодействие в команде», Эми Эдмондсон, 2016 жыл

Кітаптың авторы Эми Эдмондсон, Гарвард мектебінің профессоры, компанияның ұжымына жаңаша қарауға мән береді. Кітаптың басты артықшылығы – командалық қарым-қатынасты ұйымдастыруға, біріккен шешім қабылдауға және тұлғааралық арақатынасты орнатуға түрткі болу.

  1. «Эффективное правительство для нового века», Раби Абучакра, Мишель Хури, 2016 жыл

Заманауи технологиялар мемлекет басқару жүйесін өзгертетіні анық. Кітаптан сіз оның алдыңғы қатарлы елдерде қалай жүзеге асатындығынан хабардар боласыз. Жазушылардың бірі Абу-Даби әмірлігінің үкіметінде, бірі Ұлыбритания премьер-министрінің аппаратында жұмыс істеген.

  1. «Четвёртая промышленная революция», Клаус Шваб, 2016 жыл

Шығарманың авторы Клаус Шваб – Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін салушы. Оның пікірінше, әлем революциялық жаңа технологиялардың бастауында тұр. Ол технологиялардың дамуына төңкеріс әкеледі. Мысалы, жасанды интеллекттің пайда болуы, үшөлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және көліктерді роботтандыру. Кітап оқырмандарға болып жатқан өзгерістердің пайдалы жақтарын алуға көмек береді.

  1. «Умные граждане — умное государство», Бет Новек, 2016 жыл

Кітап ашық үкіметтің идеологиясын сипаттайды. Автор басқаруға азаматтарды еліктірсек және барлық процестерді ашық түрде жүргізсек, мемлекеттің қалай өзгеретіндігі туралы кеңірек айтады. Мемлекетті «ашу» процесі кезінде ІТ-компаниялардағыдай үнемі жаңалауды, алдымен сынақтан өткізіп алу керектігі ортаға салынады.

  1. «Открывая организации будущего», Фредерик Лалу, 2016 жыл

«Жұмысқа кімді қабылдауға болмайды? Нашар кандидат – ол үнемі жылаңқы, ешнәрсеге көңілі толмайды, барлығына айналасын кінәлап, өзіне жауапкершілік ала алмайтын, әділетсіз, ешкімге сенбейтін адам. Нашар кандидат «істе» деген сөзді күтіп отырады. Икемі аз, «бұл – менің жұмысым емес» деп сөйлейтін де лайықты кандидат емес», – деп жазады Фредерик.

  1. «Позитивная организация», Роберт Э. Куинн, 2016 жыл

Шектеу көптеген кәсіпорындардың дамуына кедергі келтіреді. Бірақ оны жеңуге болады. Ол үшін жұмыскерлерді позитивті болуға шақырып, жоғары құндылықтар мен мақсаттарға көз тастауға үйрету керек. Қызық, бірақ бұл әдіс шынымен де жұмыс істейді. Көптеген компаниялардың жетістікке жетуіне де түрткі болған. Кітапта осы әдіс толығымен сипатталады.

  1. «Выбирать сильнейших», Клаудио Фернандес-Араос, 2016 жыл.

Басқарушылардың көбісі шешім қабылдау кезінде өзінің интуициясына сүйенеді. Автор осы жолдың қателік екендігіне сенімді. Бұл шешім көп жағдаяттарға әсер етеді: қаржылық жағдай, мансап, адамдар тағдыры. Сондықтан тәжірибелі менеджер эксперимент жасамауы тиіс. Кітап дұрыс шешімдерді қабылдауға көмектеседі.

  1. «Сердце компании», Патрик Ленсиони, 2016 жыл

Корпоративтік мәдениет – бұл әрбір компанияның ыңғайлы ережелері ғана емес. Шын мәнінде, ол бизнесті сәтті дамытудың негізі болып табылады. Оны құрастыру және дамыту бизнес иелерінің тарапынан үлкен назарды талап етеді. «Егер сіздің жылына бір кітап қана оқуға уақытыңыз болса, онда міндетті түрде осы туындыны оқып шығыңыз» деп жазылған кітаптың сипаттамасында.

  1. «Блокчейн», Мелани Свон, 2016 жыл

Кітап өмірдің кез келген саласында қолданыла беретін сенімді активтер есебінің жаңа технологиясы жайында. Герман Греф оны алдыңғы қатарлы еңбектердің біріне санайды және өз банкіне енгізуді жоспарлайды. Кітап инновациялық компания жұмыскерлеріне бағытталған.

  1. «Университет третьего поколения», Йохан Виссема, 2016 жыл

Кітап авторы Йохан Виссема заманауи білім жобаларының үздік тәжірибелерімен бөліседі. «Бұл кітап университет басқарушыларына арналып жазылған. Дамудың дұрыс жолдарын көрсетіп, қажетті өзгерістерді жүзеге асыруға тәжірибелік кеңестер береді. Аталмыш туынды университет серіктестеріне де арналған. Жоғары технологиялық кәсіпорындар мен инвесторлар университетті өзгерту процесінде өз орнын табуға үйренеді», – дейді Йохан.

Нұрилам Әбдіманап “7”

Запись Герман Грефтің топ-менеджерлерге ұсынатын 70 кітабы впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.