АҚШ Сенаты 22 қаңтарда үш апталық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы қабылданса, федералдық үкіметтің жұмысы жанданбақ. Құжатты 81 сенатор қолдап, 18 сенатор қарсы дауыс берді.

Осылайша, федералдық үкіметке 8 ақпанға дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заң жобасы конгресмендер қолдауын тапты. Заң жобасы республикашыл сенаторлардың жетекшісі Митч Макконнелл сенаторларды таяу апталарда бала кезінде ата-анасымен бірге АҚШ-қа барған 800 мыңға жуық жас иммигрантты депортацияланудан қорғау мәселесімен айналысатынына сендірген соң қабылданды.

«Біз бүгін үкімет қайта жұмы істей бастауы үшін дауыс береміз» деп мәлімдген мұның алдында Демократиялық партиядан сайланған сенатор Чак Шумер. Ол ымыраға келуге жол тапқан екі партияның да сенаторларына алғыс айтты. Шумер сонымен қатар жас иммигранттар тағдырына жедел назар аудару керегін еске салды.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.