Қызылордада қалалық білім бөлімі мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаларға қарыз. Тиісті қаражатпен қамтамасыз ете алмай отырған бөлімнің осы күнгі қарызы 206 жеке балабақшаға 613 миллион теңгені құрап отыр. Салдарынан 4 мыңға жуық қызметкер жалақысына қол жеткізе алмай жүр.

«Жеке балабақшалар бұл күнде жалақы бере алмай отырғанынан бөлек, коммуналдық төлемдерін де уақытылы төлей алмай отыр. Төрт ай болды кешігіп жатқанына», — дейді өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Ғ.Жақсылықов.

Өткен жылдың қарашасынан басталған мәселе әлі күнге шешімін таппай отыр. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжанов бұл шенеуніктердің кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалардың жай-жапсарын білмеуінен дейді.

«Біз шенеуніктерді оқытудамыз. Өкінішке орай, осылай жұмыс істеуге мәжбүр болып отырмыз. Мемлекеттік бағдарламалардың кәсіпкерлікті қолдауға қалай бағытталатынын түсіндіреміз. Осындай жұмыстар қарқынды жүргізілсе ғана мұндай кемшіліктер болмайды деп ойлаймын», — деді А.Досжанов.

Дәулет ҚЫРДАН,

Қызылорда

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.