Бишімбаевқа жаңа айып тағылды

1368

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі, жемқорлық айыбы тағылған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта кейбір сотталушылар прокурормен процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш білдірді.  Жеті сотталушы кінәсін мойындайтыны туралы талап арыз түсірген соң, судья кеңесу бөлмесіне шығып кетті.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өткен жылы қараша айында басталған-ды. Онымен бірге айып тағылған 22 адамның арасында «Бәйтерек Development» компаниясының басшысы Бақыт Жақсыбаев, басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов және басқалар бар.

Процессуалдық келісім жасасуға өтініш берген сотталушылар арасында «Бәйтерек DEVELOPMENT» компаниясының бұрынғы екі директоры да бар.

Бүгін бұған дейін прокурорлар Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру») бойынша жаңа айып тағылғанын мәлімдеген.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Бишімбаевтың адвокаттары экс-министрге бұған дейін тағылған айыппен қайта айыпталғанын, бірақ «қылмысты жасаушылар құрамы аздап өзгергенін» айтқан.

Қаңтардың 8-і күні сот процесінде сөз алған бұрынғы ұлттық экономика министрі, 37 жастағы Қуандық Бишімбаев «ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен барша қазақстандықтардың сенімін ақтай алмағаны» үшін өзін кінәлі сезінетіні туралы мәлімдеген болатын.

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.