Cіздерге сабақ болсын деп кеңес жазып отырмын. Сондықтан мұқият оқып алыңыз. Әйелім бір банктен 209 мың сомасындағы несие алып, бір жылдай мерзімінен асып шығып кетті. Кейін қарызды өтейін дегем, сөйтсем істі «Ультиматумның» коллекторларына беріп жіберіпті.

100 мың салдым және мені пеня алынып тасталды деп сендірді. Негізгі қарыз 50000+ мерзімінен асырғаны үшін сома 90000=140000 және ай сайын төле, бәрі окей болады деген.

Бес айдан кейін салыстырсам, мерзімін өткізу қаражаты жиналып, қосылып жатыр екен, деректер базасынан есептің қағазын басып шығарып берген жоқ (айтпақшы, Альянсбанкпен келісімшарт тармағының бұзылуы, келісімшартта клиент есепшот туралы деректер алуға құқылы делінген, ерінбей келісімшарттан тауып алыңдар, және осы мәселе бойынша коллектордан жазбаша бас тарту талап етіңіз, егер соттасаңдар, сіздерге плюс болады) принтер сынып қалыпты-мыс.

Мен қаржы полициясына жүгіндім: «Есепшот бойынша баспа қағазын алу керек, сосын қараймыз, олардың базасында бірдеңе дұрыс емес сияқты», – деді.

Айтпақшы, коллекторлық қызмет туралы заң жоқ! Олар банкпен келісімшарт негізінде жұмыс істейді және азаматтық кодекс аясына жатады, коллекторлардан құлақтандыру қағаздарына қараңыздар, олардың ЖШС екенін көресіздер.

Егер қорқытып-үркітсе, ұялы телефондағы диктофонға жазып алыңыздар, соттассаңыздар, керек болады.

Есепшот бойынша қағазын алсаңыздар, банкпен келісімшартты қараңыздар, онда ақшаның шотқа түсуі және оның бөлінісі, яғни негізгі қарыз, мерзімі өткені үшін төленетін қаржы, пеня өсімі қамтылған тармақ бар. Реттілігін білмеймін, келісімшарт қолымда емес, қысқасы, шындықты қаржыпол арқылы іздедім.

Айтпақшы, менің байқағаным, коллекторларда менеджерлердің кадрлық ауыс-түйісі жылдам, бекерден бекер емес қой бұл, ойлаңыздаршы?! Сосын алдыңғы менеджер түсіндіруді ұмытып кетіпті деп отырады.

Андрей

Павлодар

Запись Мен неліктен қаржы полициясына жүгіндім? впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.