Қазақстан ұшақ апаты үшін Түркияға 660 млн теңге төлейтін болды

979

Осыдан он шақты күн бұрын биік жардан құлап, ғайыптың көмегімен аман қалған түркиялық ұшақ Қазақстанда сақтандырылған болып шықты. Осыған байланысты, әуе кемесі апатқа ұшырай жаздаған Pegasus Airlines компаниясы қазақстандық «Еуразия» сақтандыру мекемесіне 660 млн теңге көлемінде төлем төлеу туралы үшбу-хат жолдап отыр.
Pegasus Airlines әуекомпаниясы қайта сақтандыру шарты бойынша қазақстандық «Еуразия» сақтандыру компаниясына 2 031 250 АҚШ доллары көлемінде қаржы аударған екен. Енді аталмыш компания ұшақ аман қалғанымен бүлінген бөлшектері мен басқа да шығындарын төлеуі тиіс. Қазақстандық компания зардап шығындарын өтеуге даяр екенін тек ол үшін тиісті құжаттар мен сондай-ақ резерв жасау үшін халықаралық тәуелсіз сарапшылардың есебін күтіп отырғандарын мәлім етті.
Естеріңізде болса, 13 қаңтар күні Анкарадан ұшып шыққан бұл ұшақ Трабзон қаласы әуежайына қонар сәтте арнайы жолақтан шығып кетіп, теңізге құлап кете жаздаған болатын. Қуанышқа орай, ұшақ ішінде болған 168 адамның барлығы да аман қалды. Артынан белгілі болғандай ұшақтың қону жолағына табаны тиген бойда аяқ астынан оң жақ қозғалтқышының жылдамдығы жоғарылап сала берген. Осының салдарынан ұшақ кілт бұрылып, терең жар астындағы теңізге бет алады. Абырой болғанда ұшқыштар дер кезінде тоқтатып үлкен апаттың бетін қайтарып үлгерген.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.