Ресей Мәдениет министрлігі британдық «Сталиннің өлімі» комедиясын көрсетуге рұқсат бермеді. Фильм 25 қаңтардан бастап Мәскеудегі 30 кинотеатрда көрсетілуі тиіс еді.

Ресей мәдениет министрі Владимир Мединскийдің айтуынша, фильмді кинотеатрлардан көрсетуге тыйым салу – цензура емес.

«Көпшілік оны совет дәуірін, фашизмді жеңген біздің елімізді мазақтау ретінде қабылдайды», — деді Мединский.

Біз фильмді түсіруге тыңғылықты дайындалдық, мұрағат материалдарын оқыдық, тарихшылармен ақылдастық. Біз Совет Одағының сол кездегі тарихын сыйлаймыз, фильмде оны жасырған емеспіз», — деді фильм режиссері Армандо Ианнуччи.

«Сталиннің өлімі» – француз комиксі негізінде түсірілген сатирилық комедия.

Фильмде КСРО-да 1953 жылы Сталин өлген соң билікке талас баяндалған. Фильмге Стив Бушеми, Джейсон Айзекс және Ольга Куриленко түсті.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.