Ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің «Нелюбовь» фильмі «Оскар» жүлдесіне «Шетел тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша үміткер аталды. Бұл туралы Америка кинематография өнері академиясының Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Үміткерлер тізімінде чилилік режиссер Себастиан Лелионың «Фантастикалық әйел» картинасы мен венгриялық режиссер Ильдико Эньедидің «Тән мен жан туралы» картинасы бар. Ливаннан Зиад Дуэридің «Жәбірлеу» фильмі, Швециядан Рубен Эстлундтың «Квадрат» фильмі де тізімге енген.

Қаңтардың басында «Нелюбовь» картинасы Британ кино және телевизия өнері академиясының (BAFTA) жүлдесіне үміткер атанған. Бұл жүлде 18 ақпанда табысталмақ.

Звягинцевтің баласы жоғалып кеткен отбасы туралы фильмі бұған дейін ресейлік және шетелдік бірнеше жүлдеге, оның ішінде Канн кинофестивалінде жүлде алған. 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.