Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – Жас буын белсенділері тұрмыстық қалдықтарды жинау пункттеріне арналған арнайы мобильді қосымшаны әзірледі. Бағдарлама көмегімен қала тұрғындары жиналған қоқыстардың салмағын біле алады. Сондай-ақ, сыйлықтарға ие бола алады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қаласы тұрғыны Айбек Рахимнің айтуынша, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға талпындырып, қатты қалдықтарды арнайы жерлерге өткізуге шақырады. Ол IT университетін бітірген достарымен бірге арнайы қосымша ойлап тапты. Аталмыш қосымша арқылы, қала тұрғындары макалатура мен пластик қоқыстарын өткізуге болатын жерлерді анықтай алады. Сондай-ақ, сол үшін сыйлықтарға ие болады. Әзірге олар алты жинау пунктімен жұмыс істейді.

«Бізде қазіргі уақытта 600 белсенді қолданушы бар. Алайда сол 600 адамның тек 10 пайызы, нақтырақ айтар болсақ, 73 адам ғана қосымшаны пайдаланады. Десе де, бір адамның өзі 1,5 тонна макалатура тапсырды. Жалпы, небәрі екі ай ішінде қабылдау бөлімдерінде 15 тонна 408 кг пластик өнімдері, макалатура және полиэтилен қапшықтары жиналды. Яғни, кез-келген адам қосымшаны жүктеп, қанша қоқыс өткізгенін белгілеп отырады. Мәселен, 1 кг макалатура үшін 15 теңге төленеді. Әрбір кг үшін, ол бонустарға ие болады. Сонымен, егер қолданушы 25 бонусқа дейін жетер болса, оған сыйлық табысталады. Сыйлық түрі: киноға не Медеу мұз айдынына билет. Біз әрбір қазақстандық қоршаған орта туралы ойланса екен дейміз. Әркімде де пайдалы, игі іс жасауға мүмкіндігібар. Жасай алады да», – деді Айбек Рахим.

Қосымшаны әзірлеушінің айтуынша, олар 200 билет сатып алған. Сыйлықты осы уақытқа дейін жүз шақты адам иеленді. Олар енді мұнымен тоқтай қоймайды. Жеткен жетістіктерінің үстіне, тағы да талмай еңбек етуді көздеп отыр. Жақын арада олар қалдықтарды қайда өңдейтін арнайы бокстарды құруды ойластырады.

«Қоқыстарды жинақтауға арналған Smart-бокстарды шығаратын боламыз. Мысалы, кейбіреулерінде қағаздарды ұсақтау құрылғысын орнатамыз. Сондай-ақ, құрылғыда бокстың толып кетуін хабарлап отыратын тетігі болады. Сонымен бірге, қалдықтарды сығымдауға арналған аппарат орнығады. Біз оны оңтүстік астананың дерлік жерлерінде: оқу орындары мен бизнес орталықтарында орналастыруды көздеп отырмыз. Екі айдан кейін жоспарымызды іске асыратын боламыз», – деді А.Рахим.

Запись Алматылықтар қоқысты кино билеттеріне айырбастап жатыр впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.