Алматы. 24- қаңтар. 7kun.kz — 2017 жыл Tesla компаниясы үшін ауыр болғанымен, компания басшысы Илон Маск үшін олай емес. Себебі ол 12 айда 100 млн долларға жуық қаржы тапқан. Bloomberg-тің мәліметінше, оның 46 мың доллары ай сайынғы алатын жалақысынан кірсе, қалғаны әртүрлі марапаттардың есебінде келген.

Осы жылы Tesla компаниясының директорлар кеңесі Масктың айлығын алып тастамақшы. Оның орнына нақты нәтижелерге қол жеткізген кезде ғана оған әртүрлі төлемдер беруді ұсынды.

Бұл дамудың жаңа жоспары компанияның шығынын қысқартып, тұрақты түрде табыс түсіруге бағытталған. Жоспар 10 жылға есептелінген.

Одан бөлек директорлар кеңесі Маскқа жалақымен бірге Tesla акцияларының құнының бір пайызы көлемінде транш алуды ұсынды.  Жалпы алғанда, Маскка осындай 12 төлем ұсынылып отыр.

Бірінші траншты алу үшін, Маск компанияның капитализациясын жүз миллиард долларға дейін жеткізу керек.  Одан кейінгі келесі транш — компанияның капитализациясы 50 млрд-қа көбейгеннен кейін төлене бастайды. Егер Маск капитализацияны 650 млн долларға жеткізсе, онда ол барлық 12 төлемге қол жеткізе алады.

Алайда бұл жоспар әлі нақты бекітілмеді. Оны бекіту үшін компания акционерлерінің дауыс беру өткізіледі. Алайда оған Илон Маск қатыса алмайды.

2017 жылы Маск ең жоғары жалақы алған топ-менеджерлердің ондығына кірген еді. Қазіргі уақытта оның байлығы шамамен 21 млрд долларға бағаланып отыр.

Қания Табыс

Запись Tesla Илон Маскты жалақысыз қалдыруы мүмкін впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.