Бүгін Қарағанды облысы Теміртау қаласында  «қара түсті қарға» байланысты мамандар, тұрғындар, «АрселорМиталл Теміртау» компаниясы, жергілікті билік және Энергетика министрлігі өкілдері қатысқан жиналыс өтті. Кеш аяқталған жиында қардың ластануының негізгі себебі ретінде «АрселорМиттал Теміртау» металлургия зауыты мен ауа райының қолайсыздығы аталды.

— Қардың қара түске боялуына бірнеше фактор әскер еткен. Бірінші кезекте, әрине, ауа райының қолайсыздығы. Енді ауа райы нашарлаған кезде барлық өндіріс орындары ауаны ластауды азайтатын режимге көшеді. Осының бәрі бақылауда болады, — деді Қазақстанның энергетика вице-министрі Ғани Садықбаев.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атқарушы директоры Вадим Басин «ауаны ластайтын ең үлкен өнеркәсіп өздері екенін» мойындады.

— Мұндай бұрын болып көрмеген. Меніңше, бұл тымық ауаның кесірі. Жел тыйылып, көп уақыт қар жаумай қойған. Әрине, жөндеуді қажет ететін тұстарымыз көп. Ол да бізді алаңдатады, біз оның («қара қар») қайдан пайда болғанын іздеп, барлық жолдарын көрдік, — деді Вадим Басин.

Жиын кезінде «АрселорМиттал Теміртау» мен басқа да өндіріс орындары тексерілетіні айтылды.

Бұдан бұрын Теміртауда бастамашыл топ «қара қарға қарсы» петицияға бес мыңнан астам адамның қолын жинаған. Петиция Астанадағы «Қазақстанның экологиялық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне жолданған. Теміртауда тұрғындар ауадағы «химиялық иістерге», көлік пен терезе жақтауына түсетін қара шаңға, қаланы басып қалатын металлургия комбинатынан шығатын түтінге байланысты бұрыннан шағымданып келеді.

Көре отырыңыз: Назарбаеваға теміртаулықтар петиция жолдады



Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.