Мәжілістің осы аптадағы жалпы отырысында депутат Наринэ Гамлетқызы Микаэлян өз баяндамасын таза қазақ тілінде оқып шықты. Депутаттың тілінен қазақшаны түсінетіні, тіпті ептеп сөйлей алатыны да анық байқалып тұрды.

Наринэнің бұл талпынысына мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қатты риза болды. «Жарайсың, Наринэ! Сен басқаларға үлгі болатын тірлік жасадың. Әсіресе, мына сол жақта отырғандарға…» деп, мәжіліс төрағасы сол жағына бір қарап қойды. Спикер шамасы мәжіліске келген үкімет мүшелерін меңзеді ғой деймін. Дегенменде, Нығматулиннің сөзіне бәрі ду етіп күлгенімен, көбісіне үлгі болмаған сияқты. Жиын соңында бірнеше қазақ депутаттары өз сауалдарын орыс тілдерінде оқып шықты.

Сондай-ақ, осы аптада Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов та есеп беру жиынында баяндамасын таза мемлекеттік тілде жасады. Бірақ, оған Шымкенттің әкімі Нұрлан Сауранбаев мынандай ескерту жасады:

– Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Поэтому в этом отношений доступность информации и Конституционная права они должны всегда соблюдаться. Поэтому Бауыржан 10 балный система, саған… сізге бәрі солай деді. Бірақ, мына жағынан я думаю есть вопросы которые… Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать.

Оралхан ДӘУІТ

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу