Осыдан бір-екі күн бұрын отандық ақпараттық агенттіктерінің бірінде «Қазақстандық интернет сауда желісінде «Алтын белгі» төсбелгісі сатылады деген хабарлама пайда болды» деген мәлімет жарияланған болатын. Дерек көзінің мәліметінше, хабарлама беруші алматытылық тұрғын медальді 500 мың теңгеге сатпақ болған.

Бүгін осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі арнайы түсіндірме берді. Министрліктің айтуынша, еліміздің заңдарында төсбелгілердің сатылуына тыйым салынбаған. «Бұл есімі көрсетілген медаль. Медаль иегердің аты-жөні көрсетілген сертификатпен бірге жүреді. Яғни оны пайдалану үшін біреуге беру не сату мүмкін емес. Тек қызығушылық танытқан коллекционерлер үшін ғана мүмкін. Әрине біз мұндай әрекеттерді қолдамаймыз, бірақ қылмыстық қудаланбайды, өйткені медальдің көмегімен ешкім «Алтын белгі» медалі иегерлерінің жеңілдіктерін пайдалана алмайды», — делінген министрлік түсіндірме хатында.

Б.НҰРАСЫЛ

 

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.