Ақтөбе облысында өртенген автобуста аман қалған үш қазақстандықты Ақтөбедегі ауруханадан шығарып алды. Ақтөбедегі жедел жәрдем аурузанасы бас дәрігері Рақымжан Арыстанның Азаттыққа айтуынша, 24 қаңтар күні кешке ауруханадан прокуратураы қызметкерлері белгісіз жаққа алып кеткен.Оларға қандай да бірайып тағылды ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Рақымжан Арыстанның сөзінше, аман қалған өзге екі адам – Өзбекстан азаматтары әзірге ауруханада жатыр.

Азаттық тілшісі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне комментарий беруін сұрап хабарласты. Бірақ ІІД комментарий беруден бас тартып, бұл туралы ақпаратты ішкі істер миинстрлігінің тергеу комитетіне хабарласуды сұрады.Ақтөбе облыстық прокуратурасы аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаев қазақстандықтарға қатысты ақпарат жақын уақытта өтетін брифингте жарияланатынын мәлімдеді.

18 қаңтар күні Ақтөбе облысы аумағында Өзбекстаннан Ресейге еңбек мигранттарын тасымалдайтын автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Өрттен бес адам, оның ішінде автобус жүргізушілері аман қалған. Қазақстан билгі автобус «суықтан жылынған кезде отты дұрыс жақпаудан» өртенгенін мәлімдеген.

Самара – Шымкент жолындағы автобус өртінен аман қалған бес адам 18 қаңтар күні кешке санитарлық авиация ұшағымен Ақтөбеге жеткізілген. Дәрігерлер тексерген соң оларды Ақтөбедегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызған. Жансақтау бөлімін күзеткен арнайы жасақ сарбаздары бөлімге дәрігерлер мен күш құрылымдарының өкілдерінен басқа ешкімді кіргізбеген.

Ресми ҚазАқпарат агенттігінің бейсенбіде Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиевке сілтеме жасап хабарлауынша, бес науқас та ауруханадан шығарылған, дәрігерлер олардың денсаулығын қалыпты деп бағалайды.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.