Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — «Маревен Фуд» компаниясы Алматы облысының Қапшағай қаласында дайындалған тағам өнімдері мен жартылай дайын өнім өндіретін зауыт салып, іске қосуға шамамен 50 млн АҚШ долларын жұмсайтын болады. Жобаны іске асыру өңірде 600-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Маревен Фуд» – тағам өнімдерін өндіру мен сатумен айналысатын FMCG халықаралық (Fast Moving Consumer Goods күнделікті сұранысқа ие тауарлар) компания. Компанияның сауда маркасының портфелі «Роллтон» және «BIGBON» сияқты белгілі брендтерді, сондай-ақ «Mareven Food Professional» кәсіби аспаздық брендті қамтиды. Барлық өнім ISO 9001:2008 сапа менеджментінің жоғары стандарттарына сәйкеседі. Компания әлемнің басқа елдерінде де инвестициялық жобаларды іске асыруда жемісті тәжірибеге ие.

Инвесторлар атап отырғандай, жаңа зауыт өнімнің кең көлемді ассортиментін ұсынатын болады. Бұл Қазақстанның ішкі нарығын өніммен қамтамасыз етеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, сондай-ақ Моңғолия мен Еуразиялық аймақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

«Өндірістік процесте шикізаттың негізгі үлесі басым түрде қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Біз тәулігіне 90 тоннаға дейін өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы осындай өндірістік қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз», –деді «Маревен Фуд» компаниясының өкілі.

Зауыт құрылысы «Арна» индустриалды өнеркәсіптік алаң аумағында жүзеге асырылады. Қазіргі кезде барлық инженерлік-коммуникациялық желілер жеткізілген. Басты қойма мен өндірістік нысандарды салу жұмыстары аяқталып жатыр.

2017 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Mareven Food Holdings Limited (Кипр) ірі трансұлттық компанияның қазақстандық жобасы «Маревен Фуд Тянь-Шань» арасында инвестициялық келісім шартқа қол қойылды.

«Kazakh Invest» Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп қолдау көрсетіп отыр. Зауыт биыл іске қосылады. Ұлттық компания жеңілдіктер мен преференциялар алу мәселесінде жобаға көмектесетін болады», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша «Kazakh Invest» өңірлік директоры Марк Бейдали.

Запись Алматы облысында тағам өндіретін зауыт салынып жатыр впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.