Оңтүстік Корея астанасы Суелден оңтүстік-шығысқа қарай 270 километр қашықтағы Мирянг қаласында аурухана өртеніп, кем дегенде 41 адам қаза тапты хабарлады BBC. 70-тен астам адам жараланған. Болжам бойынша, өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:30-да аурухананың жансақтау бөлімінен шыққан.

Өрт басталған кезде аурухана мен оған жапсарлас қарттар үйінде 200-ге тарта адам болған. Қарттар үйінен 94 адам эвакуацияланған.

Yonhap агенттігінің өрт сөндірушілерге сілтеме жасап хабарлауынша, құрбандар ыс тиіп өлген болуы мүмкін. Оңтүстік Кореяда осынша көп адам қаза тапқан өрт бірінші рет болып отыр. Жаралы бірнеше адам ауыр халде жатыр.

Өрт сөндірушілер өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз екенін айтады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.