Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — Nokia компаниясының бас директоры Раджив Сури  Давостағы бүкіл әлемдік экономикалық форумда компанияның жаңа жобасы — білезікпен таныстырды, деп мәлімдеді CNBC.

Бұл жоба медицина саласына арналып отыр. Нақтырақ айтсақ, компания қатерлі ісіктің пайда болуын бірнеше ай бұрын анықтай алатын білезік шығарады.

Сури қазіргі уақытта нақты ақпаратты сканерлей алатын білезікті құрастырып жатқандықтарын атап өтті. Мәселен, қан құрамындағы холестерин, қант немесе сүт қышқылдары туралы ақпаратты анықтай алады.

Биомаркерлер аурудың пайда болуын бірнеше ай бұрын  болжап, бұл науқасқа ауруды алдын-алуға  мүмкіндік береді.

Nokia-ның пайымдауынша, білезіктің көмегімен алынған үздіксіз ақпараттар, дәрігер мен науқас арасындағы “кеңістікті” толтырады. Яғни, білезіктің көмегімен дәрігерлер науқастың денсаулығы жайлы толыққанды ақпараттарға қол жеткізе алады.

Сури  технологияларда байланыстың 5G-ы пайда болғанда,  ақпарат алмасуда ешқандай кешіктіру болмайтындай,  қашықтық хирургия мүмкін болады деп үміттенеді.

Қания Табыс

Запись Nokia қатерлі ісікті анықтайтын білезік жасап шығарады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.