2007 жылы үйімді кепілдікке қойып Казкомнан несие алған едім. Қарызды төлеу мерзімін кешіктіргеніме байланысты 2009 жылдан бері соттың дау-дамайы жалғасып келеді.

Шешім шығарды, өтемақының сомасын анықтады, істі сот орындаушыларына берді. Несиені жабу үшін үй сатылатын болды. 2013 жылы сатылым жүзеге асып, үйді қайын енем сатып алды. Көп балалы ана болғандығым ескеріліп банк маған жеңілдік жасады. Ал, қарыздың қалғанын мойныма ілді. 2014 жылдан бері декреттік демалыстан кейін еңбекақымның 25%-ын бухгалтерия ұстап қалып, сот орындаушыға аударады. 2017 жылдың ақпанында мен тағы да декретке шықтым. Осыған орай ақша аударылмағаны сөзсіз. Сот орындаушысына бұл жайлы алдын-ала ескерткенмін. 2017 жылдың тамыз айында жұмысқа қайта шықтым. Бұл кезде балам бар-жоғы үш айлық болған еді. Осы кезде банк маған төлемді талап ету туралы тапсырысты (ПТП) жүктеді. Енді жұмыс беруші бухгалтерия онсыз да 25% ұстап қалатын ақшаның 50%-ын банк ұстайды. Сонымен менің айлығым екі рет ұсталынады. Мен банкке арыз жаздым. Арызымды қазан айының онында тіркеді. Несие мәселесі жөніндегі бөлім мамандары арызыңызды қарастырып жатырмыз дейді. Банктердің бірігу процесіне орай бұл іс ұзаққа созылып кетті. Жыл аяқталып, жаңа жыл да басталып кетті. «ПТП» ұстаған комиссияның шешімі әлі күнге шыққан жоқ. Айлығымның 75%-ын ұстап қалып жатыр.

Осындай жағдайда не істеуге болады? Ұсталған қаржының қайтарылуы мүмкін бе? Қайда, кімге жүгінген жөн?

Тағы бір айта кетерлігі мен сол үйде әлі тұрып келемін. Қайын енем бұл үйді жақында менің атыма және күйеуіме сыйға берілгені жөнінде құжатты рәсімдеген болатын. Үйдің ½-і маған тиесілі.

Бақытгүл

Запись Үйімді кепілдікке қойып несие алдым впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.