Дубайда өткен келіссөздерде Ресей президентінің көмекшісі Владислав Сурков пен АҚШ мемлекеттік департаментінің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер Донбасты қалпына келтіру туралы заң бойынша ортақ ұстанымға келе алмаған. Бұл туралы дерек көзіне сілтеме жасап «Интерфакс» хабарлады. Тараптар кездесу қорытындысы бойынша нақты шешім қабылдамаған, бірақ диалогты жалғастыру туралы келіскен.

Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сурков мен Уолкердің кездесуінен нәтиже күтудің қажеті жоқ деп мәлімдеген. Оның сөзінше, кездесу Украинаның шығысындағы ахуалға қатысты пікір алмасуға ғана құралады. Оның алдында Песков соңғы кездері Уолкермен байланыстар ешқандай үміт туғызбай отырғандығына қынжылыс білдірген.

Украинаның шығысында қарулы жанжал басталған 2014 жылдан бері 10 мыңнан аса адам, солардың арасында үш мың бейбіт тұрғын қаза тапқан. Киев пен Батыс елдері Донбастағы ресейшіл сепаратистерге қолдау білдіріп отыр деп Кремльді айыптайды. Мәскеу ол айыптауларды жоққа шығарады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.