Ауғанстан астанасында бүгін болған жарылыс салдарынан, ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, кемінде 40 адам қаза тауып, 130-дан астам адам жараланған. Жарылыс Кабулдың орталығындағы адам көп жүретін жерде болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Уахидулла Маджра қаладағы ауруханаларға жаралылар түсіп жатқандықтан, шабуылдан зардап шеккендер саны бұдан да көбеюі мүмкін екенін айтады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, терроршылар тексеру-бақылау бекеттерінен өтіп кету үшін жедел жәрдем көлігін пайдаланған. Куәгерлердің сөзінше, жарылыс толқыны оқиға болған жерден жүздеген метр алысқа дейін сезілген.

«Талибан» радикалдық қозғалысы жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Бұған дейін 21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне жасалған террорлық шабуыл салдарынан қаза тапқан 25 адамның 14-і шетелдіктер. Олардың арасында Украинаның алты азаматы және бір қазақстандық бар. Ол шабуылға да жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өзіне алған болатын.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.