Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – Швецияда Ikea жиһаз дүкендерінің негізін қалаушы Ингвар Кампрад қайтыс болды. 91 жастағы бизнесмен Смоланд провинциясындағы өз үйінде көз жұмды, деп хабарлады ВВС.
Ikea ресми мәлімдемесінде Кампрад ХХ ғасырдың ең ірі кәсіпкерлерінің бірі аталды.
«Ол өмірінің соңына дейін жұмыс істеп, алда әлі біраз жұмыс күтіп тұрғанын айтатын. Ингвар Кампрад – Швецияның оңтүстігіндегі тұрғындарға тән қасиеттерге ие, бойында табандылық, шексіз жылулық пен көзінен нұр шашатын тамаша кәсіпкер болған еді», – деп хабарлады компания.
Кампрад Компанияның директорлар кеңесінен 2013 жылы 87 жасында кеткен болатын.
Ол мектеп оқушысы болып жүрген кезінен-ақ бизнеспен айналыса бастаған. Кішкентай кезінде көршілерге сіріңке сату арқылы бизнес жүргізген. Өзінің бүкіл өміріне айналған Ikea жаһандық дүкендер желісінің негізін 17 жасында қалады.

Запись Ikea компаниясының негізін қалаушы Ингвар Кампрад қайтыс болды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.