Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы мен Кентау қаласында қатты аяздан мектеп пен балабақшалар уақытша жабылды деп хабарлайды Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Зарипа Тұрлыбекова.

Оның айтуынша, 29 қаңтар күні Кентау қаласында ауаның температурасы -25 суық болғандықтан мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылған. «Сонымен бірге, Созақ ауданындағы мектептерде 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Созақта ауа температурасы -23 градус болып тұр. Облыстағы қалған аудандарда сабақ әдеттегідей кесте бойыншаөтіп жатыр» дейді ол.

Қатты аяздан 29 қаңтарда Алматы қаласында да 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.