Алматы.29-қаңтар.7kun.kz — Миллиардер Джордж Сорос  IT гиганттары Google мен Facebook-ты демократияға қауіп төндіруші деп сынады. Оның пікірінше, интернеттегі белсенді адамдарға монополиялық бақылауды қолдану арқылы олар қоғамдық пікірді бұрмалайды және инновацияның дамуына кедергі келтіреді, деп мәлімдеді BBC агенттігі.

Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның салтанатты кешкі асында Джордж Сорос ірі IT компанияларды,  соның ішінде Google мен Facebook-ты қоса отырып, оларды “инновация жолына кедергі” деп атады. Оның ойынша, олар қоғамдық пікірді қалыптастыруда  өте үлкен  монополиялық билікке ие.

“Адамдардың назары бірнеше компанияларға аударылады” – деді ол,  Google мен Facebook-ты мысалға келтіре отырып.

«Цифрлық дәуірде өсіп келе жатқан ұрпақ еркін ойлаудан мүлдем айырылып қалуы мүмкін”, – деді ол, сондай-ақ.

Соростың пайымдауынша, бұның едәуір салдары бар. Соның бірі ретінде – Д.Трамптың президенттікке сайлануын атап өтуге болады.

Дегенмен, миллиардер  IT-компанияларды жағдайды реттегіштер қолына алып, Google мен Facebook-тың билігінің аяқталуға жақын қалғандығына сенімді екендігін жеткізді. Оларға қарсы әрекет жасауға үлгі ретінде, ол Еуропалық Комиссар Маргрет Вастагерді атап өтті. Оның күш салуы арқасында, Еуро Одақ  Google, Amazon және Apple компанияларына ірі айыппұлдар салған. Ал АҚШ-та осындай IT гиганттармен жеткілікті деңгейде күреспей жатқандығын айтты.

Ол сондай-ақ, Д.Трамп 2020 жылғы президенттік сайлауда жеңіледі немесе тіпті импичментпен мерзімінен бұрын биліктен кетеді деп болжап отыр.

87-жастағы Джордж Сорос Венгрияда туылған. Ол алғашқы миллиардын 1992 жылы британ биржасындағы девальвациядан тапқан. Қазіргі уақытта Сорос  бизнес пен саясатқа қатысты “ашық қоғамды” қорғайтын, бірнеше қайырымдылық қорын басқарады.

Қания Табыс

Запись Джордж Сорос Google мен Facebook-ты демократияға қауіп төндіруші деп атады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.