Министр: Шетелде діни білім алу шектелмек

144


Қазақстанда шетелде діни білім алуға шектеу енгізілмек деп хабарлады дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевқа сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Министр бұл туралы 29 қаңтарда мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер енгізу жобасын таныстырғанда айтты.

Ермекбаевтың сөзінше, қазір Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алуы мәселесі шешілмеген. «Азаматтарымыз шетелде, оның ішінде күмәнді діни оқу орындарында оқып, деструктивті идеология ақпалына түсіп жатыр. Астыртын түрлі мектептер мен курстарда білім алып, елге біздің құндылықтарымызға жат әрі радикалдық көзқарасымен оралып жатыр. Осыған байланысты заң жобасында Қазақстанда базалық діни жоғары білім алмағандарды шетке шығаруды шектеу ұсынылып отыр» деді Ермекбаев.

Оқи отырыңыз: Дін туралы заңдағы бұлыңғыр тіркестер

Оның сөзінше, тек шетелде халықаралық келісім негізінде оқитындарға бұл шектеу қолданылмайды.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.