Алматы. 29 қаңтар.7kun.kz — Қазақтелеком ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне Кселлдің 75 пайыз акциясын сатып алу туралы өтініш берді.

Айта кетейік, 2017 жылдың күзінде Кселлдің негізгі акционері Telia Company қазақстандық байланыс операторындағы үлесін сатқысы келетінін мәлімдеген еді. 1 қаңтардағы ақпарат бойынша, Кселл акциясының 60,4 пайызы Telia Company-ға, 14,6 пайызы — Turkcell, 10 пайызы — Фридом Финансқа және 16 пайызы —жеке және инстутционалдық инвесторларға тиеселі.

Қазақтелеком Telia Company мен Turkcell-ге тиеселі 75 пайыз акцияны сатып алуға талпынып отырған болуы мүмкін.

2016 жылдың соңындағы ақпарат бойынша, қазақстандағы ұялы байланыс нарығы Қазақтелеком Кселл, Beeline және Теле2-Алтел біріккен компаниясы арасында сәйкесінше 39,2 пайыз, 35,5 пайыз және 25,3 пайыз бөлінді. Теле2-Алтел БК Қазақтелеком иелігінде екенін ескерсек, Кселл акциясын сатып алғаннан кейін Қазақтелекомның нарықтағы үлесі 64,5 пайызды құрайды.

2017 жылдың III тоқсанындағы деректерге сүйенсек, Кселл-дің абоненттер саны – 10 млн-ға жетті. Теле2-Алтел БК абоненттері 6,8 млн Кселл-ді сатып алғаннан кейін, Қазақтелкомның пайдаланушы шартының саны 17 млн-ге жетеді.

Айта кетейік, Қазақтелекомның Кселл-ді сатып алуға ниетінің бары қаңтардың басында белгілі болған. Алайда, Қазақтелеком да, Telia Company де бұл бойынша түсінік беруден бас тартқан еді. Айта кетейік, Қазақтелеком бұған дейін де Kcell-дің 49 пайыз үлесіне ие болған. Оны 2012 жылы Telia-ға 1,5 млрд долларға сатқан еді.

Запись Қазақтелеком Кселл-ді сатып алуы мүмкін впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.