Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры шамамен 157 миллиардқа жуық теңге көлемінде төлемдер жасады деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға жұмсалған қаржы 62,2 млрд теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 74 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды. Сонымен бірге еңбекке жарамсыздыққа қатысты 9,9 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 7,8 млрд теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 2,1 млрд теңге төлемдер жасалды.

Аталған Қордан жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға жасалған орташа 37 мың теңге көлеміндегі төлемді 180 мыңнан астам қазақстандық алды.

Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 26 мың теңгеден астам әлеуметтік төлем 435 мыңнан астам азаматқа берілді.

Жұмыссыз қалу жөнінен 36 мыңға жуық адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 21698 теңгені межеледі.

Асыраушысынан айырылу бойынша 42 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сома көлемі орташа алғанда 15 мыңдай теңге болды. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 79 мыңдай азаматты қамтамасыз еткен әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 12 мың теңгені көрсетті.

Еске сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың жұмысшы табын әлеуметтік қорғаудың қосымша тетігі ретінде енгізілді.

Запись Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 772 мың адамға төлем жасады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.