Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС мамандары автотұрақтардағы паркоматтар суықтан істемей қалса, тұрақ үшін ақы төлемеу заң бұзу болмайды деп мәлімдеді. 

Бұған дейін алматылық автокөлік иелері әлеуметтік желілерде мұз қатқан паркоматтардың видеоларымен бөліскен еді. Олар суыққа байланысты істен шыққан паркоматтарға ақы төлей алмағанын және бұл үшін айыппұл төлемейміз бе деген болатын. Бұл жағдайға “Алматы спецтехпаркинг сервис” мамандары түсініктеме берді.

Паркинг-монополистердің айтуы бойынша, тұрақта тұрғанда, картридж қатып қалған, бұл түсініксіз күш форс-мажоры. Құрылғылар жұмыс істемей тұрғанда автокөліктердің ереже бұзуы тіркелмейді, себебі бұл жағдайлар оларға тәуелді емес.

“Алматы спецтехпаркинг сервис” мамандары үнемі қаланы айналып, паркингтік машиналардың жұмысын қадағалап отыратын болды.

Рүстем Пердебек

Запись Паркомат суыққа қатып қалса, тұрақ үшін ақы төлемеуге болады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.