Қазақстанда шетелде діни білім алуға шектеу енгізілмек. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев 29 қаңтарда мәжілісте «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға өзгерістер енгізу жобасын таныстырғанда осыны айтты.

Ермекбаевтың сөзінше, базалық діни жоғары білім алмағандарды шетке шығару  шектелмек. Сондай-ақ сақал мәселесі де заң жобасында айқын көрініс таппақ.  «Әрбір сақалға тыйым салынбайды, кескіндері мен ерекше сипаттары айқындалады. Бұл жерде әңгіме кез келген сақал, дін қызметкері туралы болып жатқан жоқ. Әңгіме деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдарға қатысты. Мұнда сыртқы белгілерімен қатар, олардың не айтатыны, нені насихаттайтыны рөл атқарады», – деді министр.

Ермекбаевтың сөзінше, деструктивті діни ағымды қалай ажыратуға болатынын мамандар анықтайды. «Сақалының ұзындығы да, басқа белгілері – барлығы жазылады. Егер бір ғана белгісі болса, мысалы қысқа балақ шалбар ғана киіп жүрсе немесе мүлдем дін ұстанбаса, оған ешқандай шара қолданылмайды», – деді Н.Ермекбаев.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.