Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көмір тапшылығы «көмірді өндіру мен оны жеткізуден» туындамағанын мәлімдеді. Бозымбаев көмір тапшылығына қатысты үкіметтегі жиыннан соң журналистер сауалына жауабында айтты.

«Бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстаймыз. Теміржол жағынан еш проблема жоқ, вагондар бар. Көмір өндіретін кәсіпорындарда да еш пробама болған емес. Олар тапсырыс берсе, қанша көмір керек болса, сонша өндіріп бере алады. Ешқандай шектеу жоқ. Алматы қаласы мен Алматы облысының компаниялары келісім-шарт жасасып, ақшасын төлесе, керекті көмір тасымалданады» деді Бозымбаев.

Оның сөзінше, соңғы күнде Алматы қаласы мен Алматы облысына 16 мың тонна көмір жіберілген, бүгін-ертең теміржол тұйықтарына түсуі тиіс.

Министр көмір мәселесін әкімдермен талқылағанын, жергілікті органдар бұл мәселені бақылауға алу керегін айтты. Ол сонымен қатар «көмір тапшылығы көмір шетелге сатылып жатқандықтан туындады» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Соңғы күндері Алматы маңындағы ауылдар мен аудандарда тұрғындар көмір жетпей жатқанын және бағасы қымбаттағанын айтқан. Көмір тапшы екенін сатушылар да, жеткізушілер де растаған.

Видео: Алматы маңында көмір тапшы (29.01.2018)



Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.