Нарық заманында бизнес бастап, өз кәсібін дөңгелеткісі келетін жандардың саны жыл емес, күн санап артып келеді. Ал, ол үшін ең бірінші ЖШС ашу керектігін білсе де, оны қалай ашу керектігін көпшілік біле бермейді. Сонымен қатар, оған бар болғаны 5 минут қана кетеді десек сенесіз бе?

ЖШС –ны ашудың екі жолы бар:

1.ХҚКО –ның тізімі бойынша қажетті құжаттарды жинау;

2.Онлайн түрде egov.kz  сайтына (ЭЦҚ  керек және 5-10 минут уақытыңыз)

Біз ең қарапайым электронды және ең қарапайым тәсілін қолданамыз.

1.Egov.kz  сайтына кіріп, Электронды цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіңіз және шағын бизнесіңізді арнайы бағдар арқылы тіркеңіз.

2.Басты бетте, «бизнесті тіркеу және бастау» қызметін таңдаймыз.

ЖШС-ны қалай ашуға болады?

3.

3.Қызмет жазбасымен танысып «онлайн қызметіне тапсырыс беру» басыңыз

ЖШС-ны қалай ашуға болады?

 

 

 

 

 

 

 

  1. Енді сіз шағын бизнесті құрып жатырсыз.Сол үшін «
    бизнестің басталуы туралы хабарлама» батырмасын басыңыз.

ЖШС-ны қалай ашуға болады?

 

 

 

5. Алғашқы екі нысан – «заңды тұлға» және «жауапкершілігі шектеулі серіктестік».Одан кейін қалған формаларды толтырыңыз. -Компанияның атын қою-Жетекші (ИИН бойынша)-Құрушы-Заңды тұлғаның мекен-жайы- ЭҚЖЖ коды (экономикалық қызметтің жалпы жіктеушісі)-жұмыспен қамтылған адамдардың күтілетін саны және басқаларын толтырыңыз.

ЖШС-ны қалай ашуға болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Одан кейінгі «қойылған тапсырма мен жұмысқа деген жауапкершілікті өз мойныма аламын» тырнақшасын басқаннан соң «келесі» батырмасы шығады,оны да басыңыз.

7.Ақпаратты тексеріп шығыңыз. Егер бәрі дұрыс болса өзіңіздің ЭЦҚ арқылы рәсімдеңіз.Одан кейін соңғы жұмыс жіберген тіркелуіңіздің жауабын күтуіңіз ғана қалады.

Өздеріңіз көріп тұрғандай еш қиындығы жоқ. Бизнесіңізге сәттілік.

 

Запись ЖШС-ны қалай ашуға болады? впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.