Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz –  Асылжан Мамытбеков Қазақстанның ет одағы төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты.

«Ол Қазақстанның ет одағының төрағасы болып тағайындалғаны туралы ақпарат бар. Біз қазіргі кезде барлық салалық одақтармен әрі бірлестіктермен тығыз жұмыстарды бастадық. Осы орайда олармен бірлесе, салада қордаланған мәселелерді шешуге тырысудамыз», – деді Арман Евниев. Оның сөзіне қарағанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жобалық кеңсені немесе ашық алаңды құруда. Оған сарапшылар мен бизнесмендер тартылады. «Оның ішінде Асылжан Сарыбайұлы да бізге көмектесуде, бұл ретте ол өзінің кеңестерін береді», – деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Асылжан Мамытбеков министр лауазымында 2011 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамыры аралығында болды. 2016 жылдың мамыр айынан «Астана Банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2017 жылдың желтоқсанында Банктің директорлар кеңесінен кеткен кезде көпшілік оны мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін деген болжам жасаған еді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Запись Мамытбеков Қазақстанның ет одағын басқарады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.