Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – KazHemp компаниясы целлюлозаны техникалық кендірден өндіру жөніндегі жоспарын жариялады. Өндірістік қуат 300 мың тоннаға дейін өнім шығаратын болады, деп хабарлайды LS.
«Kazhemp» компаниясының бас директоры Максим Скрынник техникалық кендірдің егістік алаңын 5 мың гектарға дейін кеңейту жөніндегі жоспары туралы баяндады.
“Көктемде біз бұл мәселені экономикалық жағынан есептеп, түпкілікті шешім қабылдаймыз. Ал, техникалық мүмкіндік, әрине, бар. Егер біз егістікті 5 мың гектарға дейін ұлғайтсақ, онда талшық пен дән өндірісінің көлемі 6 мың тоннаға дейін артады. Бұдан басқа, біз көктемде техникалық кендірді өндіретін алғашқы өңдеу зауытын іске қосамыз. Ол осы 5 мың гектар егістікте өнімге оңай қол жеткізе алады», – деді Скрынник.
Жаңа зауыт 2018 жылдың сәуір айында толық қуатымен жұмыс істейтін болады. Декомпонизациялау жолымен ұзын талшық (тоқыма материалдарын өндіру үшін пайдаланылады), қысқа талшық (тоқыма емес материалдарды өндіру үшін) және діңше (целлюлоза мен абсорбенттерді өндіру үшін) өндіріледі. Яғни, бұл шикізатты қолдану аясы өте кең болмақ.

Запись Қазақстанда қағаздар кендірден өндірілетін болады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.