31 қаңтар күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 894 километр қашықта жер сілкінісі деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы. Зілзала дүмпуі Шымкент пен Тараз қаласында сезілді.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 13:07-де болды. Қуаты 6,9 магнитудаға жеткен зілзала ошағы Ауғаныстан аумағында, жердің 180 километр тереңдігінде тіркелді.

Жер сілкінісі Шымкентте 3-4 балл, Таразда 3 балл шамасында сезілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы ақпарат түспеді. 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.