Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Amazon компаниясы Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway холдингімен және JP Morgan Chase компаниясымен бірлесіп, АҚШ-тағы өз қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету үшін компания құратын болады, деп хабарлайды РБК.

Bloomberg-тің айтуынша, жаңа медициналық компания тәуелсіз құрылыс болады. Бұл компанияға пайда табуына, не ынталандыруына еш шектеулер қойылмайды. Медициналық көмек көрсету ақылға қонымды баға есебінен жүзеге асатын болады.

Біріккен топ өздерінің бірлескен мүмкіндіктері мен қорын денсаулық сақтау жөніндегі мәселелерге бағыттайтынын айтады.

Жаңа ұйымды құрумен Berkshire Hathaway Inc компаниясының инвестициялық менеджері Тодд Комбс, JP Morgan Chase & Co компаниясының басқарушы директоры Марвел Салливан Берхольдт және Amazon Bet Galletti аға вице-президенті айналысады.

Запись Amazon, Berkshire және JP Morgan бірлесіп медкомпания құрады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.