Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жетісу 360» виртуалды жобасының таныстырылымы өтті. Әрбір пайдаланушы болашақта компьютер немесе смартфонның көмегімен Алматы облысы аумағындағы барлық мұражайға саяхат жасай алады.

Әзірге ғаламтор пайдаланушылар 3D форматында жасалған осы жоба арқылы Талдықорғандағы Мұхамеджан Тынышбаев пен Ілияс Жансүгіров атындағы музейді тамашалай алады. Сондай-ақ, сандық мультимедиа арқылы экспонаттарды кез келген уақытта суретке түсіруге болады. Ал ондағы бейнежазба 360 градуста бұрылып, оны тамашалаушыларға өте жоғары сапада көрсетіледі. Виртуалды гид қызметі мен ілеспе жолдар арқылы ақпарат беру мәселесі де жан-жақты қарастырылған.

“Бүгінгі уақытта екі музейге де 3D туры жасалды. Ол 3D турда аудиогид бар. Әр адам интернет желісімен, Facebook, WhatsApp сияқты желілер арқылы өзі кіріп, керекті музейін қарай алады. Осымен ғана тоқталмай, алдағы уақытта Жетісу өңірінің көрікті жерлері – Шарын шатқалын, Көлсай т.б. сокралды аймақтардың 3D турын жасау біздің жоспарымызда бар”, – деді виртуалды жобаның бірлескен авторы Әсел Садықова.

Ақпарат көзі: 24 Хабар

Запись Музей экспонаттарын енді үйден шықпай-ақ көруге болады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.