«Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 1-2 ақпанда Тәжікстанға ресми сапармен барады» деп хабарлады Қырғызстан президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожоева.

Оның айтуынша, Сооронбай Жээнбеков Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен жеке және кеңейтілген құрамда келіссөз өткізеді және премьер-министрмен, парламент спикерімен кездеседі деп жоспарланған.Сапар барысында басшылар қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша пікір алмаспақ.

«Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе тұр. Сауда және экономика саласында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу болады. Екі ел арасында тауар айналымы артып келеді, бірақ ол екі елдің мүмкіндіктерінен біраз төмен. Екі жақ бұл бағытта да жұмысты жандандырмақ ниетте», — деді Субакожоева.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 2017 жылы шекарадағы ең көп жанжал Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараның ұзындығы 971 километрге жетеді. Оның 519 километр бөлігі әлі нақтыланбаған. Екі ел шекарасында 70-ке тарта даулы территория бар.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.