Ресей Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауына кандидаттарды тіркеуге құжат қабылдауды аяқтады. Президенттікке үміткерлер арасында іс басындағы президент Владимир Путин, «Яблоко» партиясы ұсынған Григорий Явлинский, кәсіпкерлер құқығын қорғайтын уәкіл Борис Титов, «Ресей жалпыхалықтық одағынан» Сергей Бабурин, «Ресей коммунистері» партиясынан Максим Сурайкин және соңғы болып «Азаматтық бастама» партиясынан ұсынылған Ксения Собчак ОСК-ға өзін қолдайтын сайлаушылар қолын тапсырды.

БАҚ бұған дейін тележүргізуші Ксения Собчак сайлауға Кремльдің өз ықыласымен қатысуы мүмкін деген ақпарат таратқан. Бірақ Собчак оны жоққа шығарған. Собчак 31 қаңтарда РБК агенттігіне берген сұхбатында Путин өзінің сайлауға түспек болғанын естігенде «таң қалғанын» мәлімдеді. Тележүргізуші бұған дейін президент өзінің сайлауға қатысатынын «жаратпай қалғанын» айтқан еді.

Бұлардан өзге президенттікке тағы екі кандидат – ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский мен Ресей Коммунистік партиясы ұсынан Павел Грудинин парламенттегі партия өкілдері ретінде қол жинаудан босатылған. Олар президенттікке кандидат ретінде ендігі тіркеліп қойды.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтеді. Сайлауға оппозициялық саясаткер Алексей Навальный да түспек болып еді, бірақ ОСК оны «бұрын сотталған» деп тіркемей қойды. Саясаткер осыдан кейін сайлаушыларды ереуілге шығуға шақырып, алғашқы акция 28 қаңтарда өткізілді. Акцияға Ресейдің ондаған қаласынан мыңдаған адам қатысты.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.