Мәулен Әшімбаев – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары,
Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатор болып тағайындалды
Мәулен Әшімбаев – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ақорданың Twittter желісіндегі парақшасында «Нұрсұлтан Назарбаев Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жұмысына алғысын білдіріп, партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды» деп жазылған.
Мәулен Әшімбаев парламент мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы қызметін атқарып жүрген.
Ал, партия төрағасының бұған дейінгі бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекет басшысының жарлығымен сенатор болып тағайындалды.
Шынын айту керек, аяқ астынан болған бұл ауыс-түйіс туралы саясаткерлердің өздері де пәлендей жорамалдар айта алмауда. Мәселеде екеуінің қайсысында болып тұр? Әшімбаевты өсіру керек болды ма, жоқ, Құл-Мұхаммедті төмендету керек болды ма? Парламент кейде қызметтен шеттеп қалған үлкен лауазымды шенеуніктер үшін «уақытша аэродром» қызметін атқарушы еді. Бірақ, іле-шала тағайындап тастағанына қарағанда Мұхтар Құл-Мұхаммедке жуық арада лауазымды қызмет бұйырмайтын сияқты.

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.