ҰБТ-дан құтылмаймыз

186

Білім және ғылым министрлігі бірнеше күннен бері тарап жатқан «ұлттық біріңғай тестілеу тоқтатылыпты» деген алыпқашпа әңгімеге қатысты мәлімдеме жасады.

Министрліктің мәліметінше, өткен жылы жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған ережелерге біраз өзгерістер енгізілген. Алайда онда ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тарту туралы ештеңе жоқ. Тек колледжді таңдаған талапкерлерге тест тапсыру талабы алынып тасталған.  «Бұл өзгерістер былтыр қабылданған. Жаңа қаулыға сәйкес мектеп бітірушілер тестілеудің екі кезеңінен өтеді. Алдымен оқушы емтихан тапсырып, соның қортындысы бойынша аттестат алады. Әрі қарай университетке түсу үшін сынақ тапсыру-тапсырмауды өзі шешеді. Яғни колледжге түсуді қаласа, ұлттық бірыңғай тестілеуден өтудің қажеті жоқ. Ал жалпы ҰБТ-дан жаппай бас тартуға еш негіз жоқ. 11-ші сынып бітіретін оқушылар жоғарғы оқу орындарына түсу үшін әдеттегідей тестілеуден өтетін болады» дейді ведомство мамандары.

Б.НҰРАСЫЛ

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.