Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – ҚР Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» банк басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 249 қаулысының қабылданғанын жария етті.

Қаулы Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

«Атап айтқанда, қаулыда банктік қарыз шартына мерзімі өткен күн басталған күннен бастап 30 күн ішінде банкке банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге және бұл өтінішті алған күннен бастап 15 күн ішінде ұсынылған өзгерістерді қарау міндеті туралы, жеке тұлға қарыз алушының құқығы туралы талаптарды міндетті қосуды көздейді. Бұдан басқа, банктік қарыз шартында банктің шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен шарт шеңберінде өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің қарыз алушының үшінші тұлғамен құқықтық қарым-қатынастарына қатысты қолданылатыны туралы талап болуға тиіс», – делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Қаулының осы ережелері 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына қолданылады. Сонымен қатар, қаулыда банктік қарыз шарты немесе микрокредитті беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) берген кезде сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін қайта есептеу міндетінің үшінші тұлғаға жүктелетіні белгіленген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Запись Қазақстандықтар банктерге қарыз талаптарын өзгертуге өтініш жасай алады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.